Олимпиада материалдары

1 -мәтін
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оған тыныштық бермепті. Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті.
Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты. Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны
білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың
арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.
1. Тышқанның дұшпанын анықтаңыз
A)Батыл
B)Жалқау
C)Мақтаншақ
D)Өркөкірек
E)Айлакер
2. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Батылдығы
B)Шыдамдылығы
C)Шапшаңдығы
D)Ептілігі
E)Тапқырлығы
3. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
B)Досы көпті жау алмайды
C)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
D)Ежелгі дұшпан ел болмас
E)Жалғыз қаздың үні шықпас
4. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Қулығын асырған тышқан
B)Мысық пен тышқан
C)Тату-тәтті өмір
D)Ұйқышыл мысық
E)Жаңа дос
5.Тышқан ненің арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты?
А)Ұйқының
В)Қоңыраудың
С)Мысықтың
D)Достықтың
Е)Жалқаулықтың
2-мәтін
Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли
табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге
тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ.
«Тамаша емес пе?» деп қояды.
Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы
тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай
отырды.
Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге
келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.

1.Айдос қандай әрекетке ыза болды?
A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
B)Ертең сабаққа баратынын
C)Ауданға баратын адамның болмағанына
D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
E)Туфлиінің жыртылғанына
2.Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
A)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
B)Қалауын тапса қар жанар.
C)Қырсыққан жігіт мал таппас.
D)Өтірік айтқаннан өлген артық.
E)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
3. Айдос неліктен жылап жіберді?
A)Туфлисіз қалғанына ренжіп.
B)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
C)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
D)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
E)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.
4. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
А). Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
В) Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
С). Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды
D) Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.
Е) Партаның астына тығып әлектенді
5. Айдос неше сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды?
A)Үшінші
B)Бірінші
CТөртінші
D)Барлығы теріс
E)Барлығы дұрыс
3-мәтін
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да
мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Арқар көбінесе
үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы
өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда
таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар
10-15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне
егізтуады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. Арқар дәмді ет,
сапалы тері беретін аң болып санала ды. Алайда саны жылдан- жылға азайып
барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын
шығарды.
1.Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?
A)Бағалы кәсіптік аң болғандықтан
B)Егіз төл беретіндіктен
C)Мүйізі үлкен болғандықтан
D)Суыққа төзімді болғандықтан
E)Меринос қойымен будандастыратындықтан

2.Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады
B)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті
C)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады
D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді
E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды
3.Арқардың негізгі жауы нелер?
A)Шөп қоректілер.
B)Сүт қоректілер.
C)Ет қоректілер.
D)Қос аяқтылар.
E)Үй жануарлары.

4.Арқар қандай жерлерді мекендейді?
A)Тау бөктерлерін
B)Құмдауыт ойпаттарды
C)Жазық даланы
D)Егіс алқаптарын
E)Шөлейт жерлерді

 

 

 

 

 

 

 

Бауырсақ Шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та, ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.

1. «Шикі» сөзіне қарсы мәндес сөз

2,Бауырсақ қай жағдайда көпке шыдайды?

 

 

 

 

 

 

 

 


Жеті қазына мен жеті ырыс
Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1) жүйрік ат; 2) қыран бүркіт; 3) құмай тазы; 4) берен мылтық; 5) қанды ауыз қақпан; 6) майланғыш ау; 7) өткір кездік.
Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіті – қуаты. Құмай тазысы – сенімді серігі. Мылтығы – оты. Қақпаны – серті. Ауы – әдіс-айласы. Кездігі – сұсы.
Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің екіншісі – жеті ырыс. «Жеті ырысқа» мыналарды жатқызады: 1) адамның ақылы, ой-санасы; 2) денсаулық; 3) ақ жаулық; 4) бала; 5) көңіл; 6) жер; 7) ит.


1. Берілген мәтіннен жеті қазынаны білдіретін сөз тіркестерін тауып жаз.
2. Төменде берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап жазыңдар.
Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің екіншісі – жеті ырыс.
3. Жоғарыдағы сөйлем ішінен сөз тіркестерін теріп жаз.
4. Қазақтың, жігіттің, ұғымына, мылтығы, халқының деген сөздерді сөз құрамына талда.
5. «Жеті қазына, жеті ырыс» тақырыбы бойынша досыңмен сұхбат
Отбасы дәстүрлері

Әр отбасының өз дәстүрі бар. Оған баланың дүниеге келуіне байланысты мерекелер, отбасы мүшелерінің туған күндері, үйлену тойлары жатады. Үлкенді сыйлау, оларды тыңдау – қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Ежелден-ақ қазақтар қуаныш пен қайғыны бүкіл ру болып бөліскен. Бұл дәстүр қазір де бар. Туысқандар бір-біріне қонаққа, мерекемен құттықтауға немесе үлкендерге сәлем беруге барады. Қонақты сый-құретпен қарсы алады. Қонақжайлылық – қазақ халқына тән дәстүр, Үйге келген кез-келген адамды қуанышпен қарсы алады. Оны ықыласпен күтеді және жақсы тілекпен шығарып салады.
Қазақ халқының жақсы дәстүрлерінің бірі – жылу жинау. «Жылу жинау» арқылы өртке, су тасқынына және басқа да қолайсыз жағдайға ұшырағанда көмек береді. Ол үшін туыс болу міндетті емес. Әркім қиын жағдайға ұшыраған адамға киім, тамақ, үй-жай беріп, қолынан келгенінше көмектеседі. «Жылу» — «жылы» деген сөзден шыққан. Бұл адамгершілік, ізгілік пен мейірбандық көрсету белгісі.

1. «Отбасы дәстүрлері» мәтіні бойынша он сөз тіркесін теріп жаз.

2. Отбасы дәстүрінің түрлері туралы айтып бер. Өз отбасыңның дәстүрлері туралы әңгімеле.

3. «Менің отбасымның дәстүрлері» тақырыбы бойынша шағын эссе жаз.

4.«Менің отбасым» тақырыбы бойынша диалог құрастырып жаз.
әтінді оқып шығып «Домбыра» -сөздік картасын жасау.
«Қасиетті домбыра»
Қазақ халқының ең кең тараған аспабы және қос ішекті аспабы-домбыра. Қазақ өзінің тарихын , өмірін ,сезімін домбыра арқылы жеткізген. Домбыраның шанақ, мойын, тиек, ішек бөліктері болады. Домбыраны қарағай, шырша, самырсын ағаштан жасайды. Ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған.Домбыраны әрбір қазақ тарта біледі. Домбырамен күй тартуға ,не әнді сүйемелдеуге болады.
Домбыра –әрбір қазақ үйінің қымбатты заты. Домбыра екі түрге бөлінеді:Батыстық және шығыстық.
Ең бірінші домбырашылар ансамбілі 1934 жылы құрылған. Домбыра ата-бабамыздан қалған мұра.

3. Сөйлемді дұрыс құрастыр.
1. Айгүл ,ойнады, домбырада, біресе, гитарада, біресе.
2. Батаны, береді, не ,үлкен адам, не ,құрметті ,адам.

4. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді арнаулы қаламмен қойып жазыңдар және аударыңдар.
1. Мәтінді оқып, түсініңіз. Қандай салт туралы айтылып тұрғандығын
табыңыздар.
1. Көшпелі қазақ халқы көшуді салтанат санаған. Көшкенде әдемі, жаңа киімдерін киетін. Жүк артқан түйелерге кілем, оюлы сырмақ жабатын болған. Еру отырған ауылдардың жанына қонғанда, олар көшті жабыла қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтқан. Еру отырған ауылдар шай, қымыз, тіпті қой сойып апаратын болған.
Бүгінгі күнде ауылға жаңа көшіп келген шаңырақты ауыл адамдары қонаққа шақырып, танысады. Көнеден келе жатқан салт осылайша жалғасын тауып отыр.
Бұл қандай дәстүр? ________________________________________
2. Бұл мұсылманның бес парызының бірі. Бұл салтты кейде «ауыз бекіту» деп те атайды. Ауыз бекіткен адам отыз күн бойы күндіз тамақ ішпейді, әдепсіз ой ойлмайды, жаман сөз айтпайды, қиянат жасамайды. Күн шықпас бұрын таңертеңгілік сәресі ішіп, күн батқан соң ғана ауызын ашады. Ауыл адамдары аузы берік адамдарды «ауыз ашарға» шақырады.
Бұл қандай салт?___________________________________________
2. Әр отбасыда дәстүрлі мерекенің бірі болып саналатын Туған күнге тілек жазып сөйлемдерді толықтырыңыздар.
……………………. Сезім Ермекқызы!
Сізді туған күніңізбен …………………………………………… !
Құттықтай отырып Сізге: ………. , …………. , ………….., ………….. , …………. тілеймін!
Ізгі тілекпен: ………………………………
Білім беруші компьютер

Компьютер қазіргі кезде ең басты ақпараттық құрал. Оның пайдасы өте көп. Компьютер – уақыт талабы. Біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге нақты мәліметтер береді. Ол арқылы сөз бен суретті әрі дауысты, әрі бейне жазбаны жинақтайды. Интернет арқылы әлемде болып жатқан оқиғаларды біліп тұрамыз, іздеген ақпаратымызды таба аламыз. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады.

1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Қарамен жазылған етістіктерді мақсатты келер шаққа айналдырыңдар.

2. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларыңды ортаға салыңдар.
1. Компьютердің пайдасы қандай?
2. Ғаламторды көп қолданасың ба?
3. Қандай сайттарды қолданасың?

3. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, мақсатты келер шақта сөйлемдер құрастырыңдар.
Қазіргі кезде, интернет жүйесі, жедел ақпараттың, электрондық байланыс, тиісті сайт.

4. Төмендегі сөздердің антонимдерін жазыңдар.
Зиян —
Тез —
Қазіргі —
Табу —
Бірге —
Жинау —

5. «Компьютердің пайдасы және зияны» тақырыбына сұхбат дайындаңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *