Зәр шығару жүйесі
Бүйрек, несепағар, қуық, несеп каналы.
Бүйрек (Ren- почки, нефроз)
Қабынуы- Нефрит.
Іш қуысының іш астар қабықшасының артқы бөлігінде орналасқан.
Оң жақ бүйрек 12 кеуде омыртқасының1-2 бел омыртқа тұсында орналасқан. Сол жақ бүйрек 11-12 кеуде омыртқасында 1 бел омыртқасының тұсында орналасқан. Әр бүйректің жоғары, төмен полюстары, алдыңғы, артынғы беті, медиальды латеральды жиектері бар. Медиальды жиегінде бүйрек қақпақшасы бар.
Бүйрек қыртысты және милы заттардан тұрады.
Милы заты пирамида тәрізді ішіне қарай орналасқан, ұшында 11-12жуық еміздікше тесіктері бар. Олар кіші тостағаншаға ауысады→ үлкен тостағанша→ несеп ағар қойнауы→несеп ағар→ несеп каналы.
Бүйректің анатомиялық құрылымы- Нефрон.
Нефроның құрылысы
Қан тамырлар шумағы (сосудистый клубочек-гломерулус)
Әкелуші әкетуші артериялардан турады. Сыртқы Шумлянский Болмер тостағаншасымен қоршалған.
Олардан бірінші қатарда иректі каналдар→ Генле ілмегі →екінші қатардағы иректі каналдар →жинақтаушы түтікше-еміздікше тесіктермен милы заттың ұшында ашылады.
Зәр артерия қанының плазма сүйықтығынан және қайта сіңу. Реакциялары арқылы пайда болады.
Несепағар (мочеточники-ureter)
Қабынуы уретрит
Іш астардың артқы бөлігінде орналасқан, құрсақ және жамбас бөлігінен тұрады. 30-31см, қабырғасы дәнекер, етті, кілегейлі қабатынан тұрады.
Қуық (мочевой пузырь,латынша- vesica urinaria,грек-цистикус.)
қабынуы цистит
Кіші жамбас астауының алдыңғы бөлігінде қасағаның артында орналасқан. Мөлшері 500-700мл
Қуықтын ұшы, денесі, түбі бар. Қабырғасы дәнекер етті, кілегейлі қабаттан тұрады.кілегейлі қабаты қатпарлы, үшбұрышты тегіс жерінің ұшынан несеп каналы басталады.
Несеп каналы (мочеспускательной канал,ureter.)
Қабынуы – уретрит.
Әйелдерде ұзындығы 2,5-3 см, қуықтың түбінен басталып, жамбас астауының еттерімен өтіп бастап кіші жыныс еріндерінің жоғарғы бұрышының ішінде ашылады.
Ер адамның несеп каналы ұзындығы 16-18 см.
3 бөліктен тұрады
1-Предстат бөлігі 3-3,5 см
2-Жарық бөлігі 1-1,5 см
3- Етті бөлігі 10-12 см
Ер адамның жыныс мүшесінің басында ашылады.
Екі иілген жері;
1.Тұрақты-қасағаға дейін
2. Тұрақсыз-қасағадан кейін