Самай сүйегі — жұп ми сауытының негізін және бүйір иіндерін құрайды. Қызметінің әртүрлі болуына қарай самай сүйегі ми сауытының сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі. Самай сүйегінде есту және тепе теңдікті сақтау мүшелері орналасқан. Самай сүйегі төменгі жақпен байланысып, шайнау аппаратының тірегі болады. Оның латерал бетінде есту мүшесінің дыбыс тесігі болады.
Самай сүйектері дыбыс тесігінің айналасын қоршаған қабыршақты бөлім, дабыл бөлім, тасты бөлімдерден тұрады. Қабыршақты бөлімі аздап иілген жұқа сүйек,мисауытының бүйір жағын құрайды. Онда алға қарай көлденең бағытталған шықшыт сүйегіне жалғасатын шықшыт өсіндісі болады. Осы өсіндінің асында буын шұңқыры және төмпегі бар. Осы жерге төменгі жақтың буын өсіндісі буындасады. Дабыл бөлімі сыртқы есту түтігін алды артанан қоршап ,оның алдыңғы және төменгі қабырғасын түзеді. Тасты бөлімінде – ішкі құлақ қуысы орналасады. Оның артқы бетінде ішкі тесігі, ал астыңғы бетінде бет жүйкесі мен ұйқы артериясы, мойындырық венасы өтетін тесіктер бар.
. Дабыл қуысында 3 есту сүйекшелері: балға, төс, үзеңгі орналасқан. Дабылдық қуысының медиалды жағында шытырман, (ұлу), кіреберіс және үш жарты ай тәрізді түтіктерден түзілген .Шытырман бөлігінде есту, ал кіреберіс, және үш жарты ай тәрізді түтіктерде тепе теңдікті сақтау мүшесі орналасқан. Самай сүйегінде біз тәрізді өсінді, біз — емізін тесігі, емізік өсіндісі болады.