Даму ауытқуы бар балаларды психологиялық зерттеудің негізгі принциптері(қағидалары).
1. Объективтілік қағидасы психикалық көріністерді зерттейді; демек ғылыми негізделген дәйектерге сүйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тұрғыдан талдау және қазіргі заманғы психологиялық теорияға сүйену.
2. Кешенділік қағидасы – дәрігерлік тексеру, психологиялық тексеру және педагогикалық тексеру болып табылады.
3. Жоспарлылық қағидасы – баланы жүйелі түрде зерттеу.
4. Детерминизм қағидасы –кез келген құбылыстың өзіндік себептері бар деген қағиданы ұстану.
5. Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы.Бұл даму кемістігі бар балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі.Ол үшін кемістіктің құрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық білім, психологиялық-педагогикалық мәліметтер қажет.
6. Генетикалық қағида – динамикада, яғни баланың психикасын жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында зерттеу.
7. Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің өзара байланысын есепке алу қағидасы.Яғни бала дамуына әлеуметтік ортаның әсер етуі және керісінше.
8. Талдау- жинақтау (анализ-синтез) қағидасы. Л.С. Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі симптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе туынды кемістіктерді талдау.