«Онкология» мамандығы бойынша резидентураға
түсу емтиханына дайындық бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты – «Онкология» бағыты бойынша интернатура және бакалавриатта интерннің алынған дағдылары мен икемділігі, білімнің кешенін бағалау, «Онкология» мамандығы бойынша резидентурада оқуды жалғастырудың дайындығы.
Қабылдау емтихандары кешенді сипатқа ие және 2 кезеңнен тұрады.
1 кезең – ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша резидентураның барлық мамандығы бойынша жалпы болып табылады.
2 кезең – билеттер бойынша ауызша сұхбаттасу. Оның мақсаты – мамандықтың біліктілік талаптарына сәйкес коммуникативтік икемділігін, дағдылар мен білімдерін көрсету.
Базалық медициналық білімі, жоғары медициналық білімі, интернатура мен бакалавриатта элективті пәндерін меңгерген және интернатурасы бар, кешенді емтиханның бірінші кезеңін сәтті тапсырған үміткерлер емтиханға жіберіледі.
1. Өңештің қатерлі ісігі. Қазақстанның және әлемнің түрлі аймақтарында таралу ерекшеліктері, жиілігі. Өңештің қатерлі ісігінінің пайда болуына ықпал ететін факторлар.
2. Сүйектің қатерлі ісіктердің заманауи диагностикалаудың әдістері. Остеогендік саркома және миеломдық аурудың рентгенологиялық белгілері.
3. Асқазан және өңештің қатерлі ісігі кезінде қолданылатын медициналық көмектің көлемі.
4. Өңештің ісік алдылық аурулары. Олардың анықтау әдістері, жоғары тәуекел топтарын құру. Оларды жүргізудің дәрігерлік тәсілі.
5. Гематогендік остеомиелит және сүйек туберкулезден остеогендік саркоманың диффдиагностикасы.
6. Қатерлі ісіктердің бастапқы және қайталама алдын алуы.
7. Өңеш қатерлі ісігінің анатомиялық өсу нысаны, гистологиялық құрылымы. Метастаздаудың жолдары. Өңеш қатерлі ісігінің заманауи диагностика әдістері және клиникасы.
8. Сүйек кемігінен дамитын саркомалар және остеогендік саркомаларды емдеудің қағидалары мен заманауи әдістері.
9. Қатерлі ісіктерді анықтау әдістері. Есептеу жүйесі және есеп құжаттамасы.
10. Оқшауланған жері мен таралу сатысына байланысты өңеш қатерлі ісігін емдеудің заманауи әдістері. Радикальды және паллиативтік хирургиялық операциялардың түрлері.
11. Қалқанша безінің қатерлі ісігі. Жиілігі. Қалқанша безінің қатерлі ісігінінің пайда болуына ықпал ететін факторлар. Қалқанша безінің ісіктерін топтастыру.
12. Онкологиядағы клиникалық топтар, бір клиникалық тобынан басқа клиникалық тобына ауыстыру шарттары.
13. Асқазан қатерлі ісігі. Қазақстанның және әлемнің түрлі аймақтарында таралу жиілігі. Асқазан қатерлі ісігінінің пайда болуына ықпал ететін факторлар.
14. Қалқанша безі қатерлі ісігінің заманауи диагностика әдістері және клиникасы. Ридель, Хашимото алқым ісуінен қалқанша безі қатерлі ісігін диффдиагностикасы.
15. Онкологиялық науқастарды оңалту және диспансерлік бақылау (медициналық, еңбек, әлеуметтік).
16. Асқазанның ісік алдылық аурулары. Олардың анықтау әдістері, жоғары тәуекел топтарын құру. Оларды жүргізудің дәрігерлік тәсілі.
17. Ісіктің морфологиялық саралану дәрежесі мен таралу сатыларына байланысты қалқанша безі қатерлі ісігін емдеу қағидалары және заманауи әдістері.
18. Онкологиялық көмегін ұйымдастырудың диспансерлік қағидасы.
19. Асқазан қатерлі ісігінің анатомиялық өсу нысаны, гистологиялық құрылым. Метастаздаудың жолдары. Асқазан қатерлі ісігінің заманауи диагностика әдістері және клиникасы.
20. Қатерлі лимфомалар, морфологиялық суретіне байланысты топтастыру. Қатерлі лимфолардың пайда болуына ықпал ететін факторлар.
21. Қатерлі ісіктердің кешіккен диагностиканың себептері.
22. Асқазан қатерлі ісігінің заманауи емдеу әдістері. Ісіктің оқшауланғанына байланысты асқазан қатерлі ісігі кезінде радикальды және паллиативтік хирургиялық операциялардың түрлері.
23. Лимфогрануломатоз. Таралу сатылары бойынша клиникалық топтастыру, морфологиялық түрлері. Уланудың белгілері және клиникасы.
24. Онкологиялық науқастарды анықтау үшін скрининг тәсілі.
25. Жиек ішек қатерлі ісігінің ісік алдылық аурулары. Оларды анықтау әдістері, жиек ішек ісігінінің пайда болуына ықпал ететін факторлар, жоғары тәуекел топтарын құру. Оларды жүргізудің дәрігерлік тәсілі.
26. Лимфогрануломатоздың заманауи диагностика әдістері. Жұқпалы мононуклеоздан, туберкулезды және дөрекілеу лимфадениттен лимфогрануломатоздарды диффдиагностикалау.
27. Қатерлі ісіктері бар науқастарды емдеу жоспарының дұрыс таңдауы үшін негізгі қағидалары.
28. Жиек ішек қатерлі ісігінің анатомиялық өсу нысаны, гистологиялық құрылымы. Метастаздаудың жолдары. Оқшауланған жерінен байланысты жиек ішек қатерлі ісігінің клиникасы, жиек ішек қатерлі ісігінің заманауи диагностика әдістері.
29. Таралу сатысына байланысты лимфогрануломатоздың заманауи емдеу әдістері.
30. Онкологиялық деонтология.
31. Жиек ішек қатерлі ісігін заманауи емдеу әдістері. Жиек ішектегі ісіктің оқшауланғанына байланысты радикальды және паллиативтік хирургиялық операциялардың түрлері.
32. Тердің қатерлі ісігі. Жиілігі. Пайда болуына ықпал ететін факторлар. Тердің ісікалдық аурулары, малигнизациялаудың белгілері. Жоғары тәуекел топтарын құру және оларды жүргізудің дәрігерлік тәсілі.
33. Онкологиялық науқастардың еңбек сараптаманың қағидалары.
34. Тік ішек қатерлі ісігінің пайда болуына ықпал ететін факторлар. Ісікалдылық аурулар, оларды анықтау тәсілдері. Жоғары тәуекел топтарын құру және оларды жүргізудің дәрігерлік тәсілі.
35. Таралу сатысына байланысты тер қатерлі ісігінің клиникасы, диагностика мен заманауи емдеу әдістері.
36. Ерте онкологиялық патология және ісік алды туралы түсінік.
37. Тік ішек қатерлі ісігінің анатомиялық өсу нысандары, гистологиялық құрылымы. Метастаздау жолдары. Ісіктің оқшауланған жерінен байланысты тік ішек қатерлі ісіктің клиникасы, тік ішек қатерлі ісіктің заманауи диагностика әдістері.
38. Меланома алдылық аурулар. Невустардың малигнизациялау белгілері, диагностика, емдеу.
39. Онкологиялық науқастардың хирургиялық емдеудің қағидалары.
40. Таралу сатысына байланысты тік ішек қатерлі ісігін заманауи емдеу әдістері. Ісіктің оқшауланған жеріне байланысты радикальды хирургиялық операциялардың түрлері.
41. Еріннің қатерлі ісігі, пайда болу себептері. Пайда болуына ықпал ететін факторлар. Ісікалдылық аурулар, диагностика және емдеу. Метастаздау.
42. Ісікке иондаушы сәулеленудің негізгі әрекеттері және қатерлі ісіктерді сәулелік емдеудің әдістері.
43. Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуына ықпал ететін факторлар. Ісікалдылық аурулар, оның анықтау әдістері. Жоғары тәуекел топтарын құру және оларды жүргізудің дәрігерлік тәсілі.
44. Меланома, таралу сатылары бойынша топтастыру, клиника және Кларк бойынша инвазия дәрежелері. Меланоманы емдеудің заманауи әдістері және диагностикасы.
45. Онкологиялық науқастардың аралас, кешенді және жәрдемші емдеудің қағидалары.
46. А.И.Савицкий бойынша өкпе қатерлі ісігінің клиникалық-анатомиялық топтастыру. Гистологиялық нысаны, метастаздау жолдары. Өкпе қатерлі ісігінің орталық және перифериялық нысандарының клиникасы.
47. Таралу сатысына байланысты астыңғы еріннің қатерлі ісігін емдеу заманауи әдістері мен диагностикасы, клиникасы.
48. Ісікке қарсылық химиодәрілерді топтастыру, жасушалық циклге олардың әсер ету механизмі.
49. Өкпенің орталық және перифериялық қатерлі ісігінің заманауи диагностика әдістері. Қатерсіз ісіктері мен пневмония, туберкулездің диффдиагностикасы.
50. Жұмсақ тіндердің ісіктері, клиникалық топтастыру. Диагностика және емдеудің заманауи әдістері.
51. Қатерлі ісіктердің паллиативтік және симптоматикалық емдеудің қағидалары.
52. Көмейдің қатерлі ісігі. Клиникасы, диагностикасы, емдеуі. Дауыстық функциялардың оңалтуы.
53. Таралу сатылары мен морфологиялық нысанына байланысты өкпе қатерлі ісіктің заманауи емдеу әдістері. Радикальды хирургиялық операциялардың түрлері.
54. Қатерлі ісіктер кезінде операция алдылық және операциядан кейінгі сәулелік терапиясын жүргізудің әдістері мен қағидалары.
55. Көкірекортаның ісіктері, топтастыру. Клиника, диагностика және заманауи емдеу әдістері.
56. Қуықтың қатерлі ісігі. Пайда болуына ықпал ететін факторлар. Ісікалдылық аурулар, анықтау жолдары, оларды жүргізудің дәрілік тәсілдері. Макроскопиялық және микроскопиялық нысандар. Метастаздау жолдары.
57. Заманауи емдеу әдістерінің тиімділігін лимиттейтін қатерлі ісіктердің биологиялық ерекшеліктері.
58. Сүт безі қатерлі ісігінің пайда болуына ықпал ететін факторлар. Ісікалдылық аурулар, анықтау жолдары. Жоғары тәуекел топтарын құру және оларды жүргізудің дәрігерлік тәсілі.
59. Мойынның мүшеден тыс ісіктері, диагностикасы, клиникасы, емдеуі.
60. Асқынған қатерлі ісігі бар онкологиялық науқастарға медициналық қызмет көрсету. Өкпенің қан кету кезінде жедел медициналық көмек.
61. Сүт безі қатерлі ісігі, жиілігі. Клиникалық-анатомиялық топтастыру, гистологиялық құрылым. Метастаздау жолдары. Сүт безі қатерлі ісігінің оқшауланған және араласқан нысандарын анықтау және клиникасы.
62. Үстіңгі жақтың қатерлі ісігінің заманауи емдеу әдістері. Аралас емдеу жоспарында хирургиялық операцияның орны.
63. Санитарлық-ағарту ісікке қарсы жұмыстың түрлері.
64. Жүкті және емізетін әйелдерде сүт безі қатерлі ісігін емдеу тәсілі және клиниканың ерекшеліктері.
65. Жоғарғы жақтың қатерлі ісіктері. Пайда болуына ықпал ететін факторлар. Симптоматология. Гаймориттен диффдиагностика және диагностика.
66. Хорионкарцинома, диагностикасы, клиникасы, емдеуі.
67. Ер адамдарда емшек безінің қатерлі ісігі және ісік алдылығы. Пайда болу себептері. Диагностика және емдеу.
68. Семинома. Пайда болу себептері. Клиника, диагностика және заманауи емдеу әдістері. и
69. Онкологиялық диспансер, құрылымы және негізгі міндеттері.
70. Таралу сатысына байланысты сүт безі қатерлі ісігінің заманауи емдеу әдістері. Радикальды хирургиялық операциялардың түрлері, оған деген көрсетімдер. Сүт безі қатерлі ісігін емдеудегі гормонотерапияның орны.
71. Тілдің қатерлі ісігі. Ісікалдылық аурулар. Клиникасы, диагностикасы, заманауи емдеу әдістері.
72. Ісіктік антигендер, ісікке ағзаның иммундық жауаптың нысандары. Ағзаның әрекет қабілеттілігінің спецификалық және спецификалық емес көрсеткіштері.
73. Ұйқы безі қатерлі ісігінің пайда болуына ықпал ететін факторлар. Ісікалдылық аурулар, оларды анықтау әдістері. Жоғары тәуекел топтарын құру және оларды жүргізудің дәрілік тәсілі.
74. Қуықтың қатерлі ісігін емдеу және диагностиканың заманауи әдістері.
75. Ісікке қарсы иммунитетінде қатысатын жасушалар.
76. Ұйқы безі қатерлі ісігін емдеу және диагностиканың заманауи әдістері мен клиникасы.
77. Қатты таңдайдың, ауыз қуысы шырышты қабығының қатерлі ісігі. Клиникасы, диагностикасы, емдеуі.
78. Қатерлі ісіктердің иммунодиагностикасы.
79. Билиопанкреатодуоденальды аймақтың ісіктері (БПДАІ). Аурудың сарғыш алдылық және сарғыш кезеңдерінің клиникасы. БПДАІ диагностиканың заманауи әдістері.
80. Қуық асты қатерлі ісігі. Пайда болу себептері, ісікалдылық аурулар, анықтау жолдары, оларды жүргізудің дәрілік тәсілі.
81. Қатерлі ісіктердің иммунотерапиясы.
82. Жұқпалы гепатит, калькулезді холециститтен билиопанкреатодуоденальды аймақтың ісіктерінің диффдиагностикасы.
83. Бүйректің қатерлі ісігі, жиілігі, клиникасы, емдеу мен диагностиканың заманауи әдістері.
84. Қатерлі ісіктердің макроскопиялық өсу нысандары, жедел араласу көлемін анықтаудағы олардың маңызы.
85. Билиопанкреатодуоденальды аймақтың ісіктерді емдеудің заманауи әдістері. Радикальды және паллиативтік хирургиялық операциялардың түрлері.
86. Ересек адамдарда жүйке жүейсінің ісіктері. Клиникалық топтастыру. Клиникасы, диагностикасы мен емдеуі.
87. Қатерлі ісіктердің морфологиялық саралану дәрежесі мен гистологиялық нысандары және болжамды анықтаудағы олардың рөлдері, емдеу тәсілін таңдау.
88. Сүйектердің ісіктері. Клиникалық топтастыру. Сүйек саркомасының пайда болуына ықпал ететін факторлар. Сүйек саркоманың клиникасы. Остеогендік саркоманың метастаздау жолдары.
89. Қуық асты безі қатерлі ісігін емдеу және диагностиканың заманауи әдістері, гормонотерапия.
90. Онкологиядағы гистологиялық және цитологиялық зерттеулер. Оларды жүзеге асыру үшін материаолды алу тәсілдері.