Шеміршек үлпасы
Шеміршек ұлпасында клеткалар (хондроциттер) мен клеткадан тыс талшықтар, құрылысы жоқ негізгі заттың ішінде орналаскдн. Колла-гендік және эластиндік талшыктардың, сол сияқты негізгі заттың са-нына байланысты шеміршек ұлпасының үш түрін ажыратады: гиалинді, эластинді, талшықты шеміршектерді.
Шеміршектердің көп тараған түрі гиалинді шеміршек. Адам мен сүтқоректілердің үрыктарының скелетінің толықтай дерлігі гиалинді шеміршектен түрады, ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін жауып тұрады және кеңірдектің, ірі бронх-тардың қабырғасында, қабырғалардың үштарында, мұрын пердесінде болады.
Гиалинді шеміршек үлпасы хондробластылар (шеміршек клеткалары) мен хондроциттер деп аталатын клеткалардан және хондро-бласттардың өндіретін клеткааралық аморфтык заттары мен талшық-тардан тұрады.
Гиалинді шеміршек құрамыңда хондробластылар, фибробластылар, фиброциттер мен жуан коллаген талшықтарының шоғырлары бар пе-рихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпалық қабықшамен капталған. Олардың арасында қалыптаспаған дәнекер ұлпасының өте жүқа қаба-тымен қапталған қан тамырлары мен нервтер орналасқан. Шеміршек клеткалары ерекше қуыстарда көбінесе топтанып (изогендік топтар) жайғасады.
Құлақ қалканы мен көмейүсті шеміршектің механикалык негізін құраушы эластинді шеміршек ұлпасы оның клетка аралық кеңістігін тесіп өтетін эластинді талшыктарының торымен ерекшеленеді.
Талшыкты шеміршек санның жүмыр байланыстырушы сіңірінде, омыртқааралык менисклерде және сіңірлердің сүйекке бекитін жерлерінде кездеседі. Талшықты шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмасы оның коллаген талшыктары аралық затында шоғыр қүрап орналасады.