Шеміршек орнына сүйектің дамуы (хондрлық остеогенез)
Остеогенездің бұл түрінің ерекшелігі шеміршектің талқандалуы-мен жүреді. Хондрлык сүйектің дамуы шеміршектің бетінде жүреді. Осы кезде пайда болған сүйекті перихондрлық сүйекдеи атайды, ал сүйек заты шеміршектің ішінде дами бастап және даму оның клеткалары-ның есебінен жүрсе, ондай сүйек эндохондрлык, суйектер деп аталады.
Дамудың белгілі кезеңінде шеміршек кан тамырлары мен остеобластлерге толып бірте-бірте толықтай немесе жартылай сүйекке алмасады. Жабын, немесе тері сүйектердің бәрі плакоидтік қабыршактардың жеке пластинкаларының қосылуының нәтижесінде пайда болады. Эндохондрлык сүйек пайда болысымен остеокластлар өз қызметін бастай-ды. Олар шеміршекке енетін қаңқа түзуші ұлпаның клеткаларынан пайда болады. Остеокластлер жас эндохондрлық сүйекті бүзады, осы-ның салдарынан үлкен куыстар пайда болады. Қуыстарды толтырушы үлпа ретикулалык үлпаға айналады. Осы ретикулалык ұлпада алғашқы сүйек майына айналатын гемоцитобластлер түзіледі.
Жіліктердің диафиздері перихондрлык сүйектенудін нәтижесінде пайда болады. Диафиздік шеміршектің сүйекке алмасуы оның орта-сынан басталып бірте-бірте сүйектің ұштарына, эпифиздеріне тарайды. Кейін эпифизде өз сүйектену нүктесі пайда болады. Сүйектің үзарып өсуі эпифиз бен диафиздің арасындағы шеміршектің есуі арқылы жүреді. Адам жіліктерінің үзарып өсуі 20-25 жаста аяқталады. Эндохондрлык даму процесі тоқталмаған кезде сүйек кабығы жағы-нан сүйек ұлпасының жаңа қабаттарының пайда болуының нәтижесінде сүйек жуандап өседі. Ересек адамда да сүйек кабығы өзінің белсенділігін сақтайды, осыған байланысты ол сүйек зақымдалған кезде калпына келу процестерінің ошағы болып есептеледі. Сүйектердің қайта қүрылуы организмнің өмір бойына сакталады. Сүйек ұлпасының бұзылуымен бірге оның жаңадан түзілуі жүріп отырады. Сүйектердің жоғары механикалык, көрсеткіштері жаттығу процесі кезінде қалыптасады. Сондыктан дене қимылы адамның денсаулығына қажет.