Сүйектің дәнекер ұлпасынан дамуы

Сүйектің дәнекер үлпасынан дамуы (десмалық остеогенез)
Сүйектің дәнекер үлпасынан дамуы (десмалық остеогенез) болашақ сүйек орнына коллаген талшыктарына бай және тез көбеюші ұсак клеткалар бар дәнекер ұлпасының дамуымен сипатталады. Сүйек үл па¬сы пайда болғанға дейін дәнекер үлпасының бұл клеткалары остеоб-ластлерге айналады. Клеткааралық заттың қалыптасуы аяқталғаннан кейін остеобластлер остеоциттерге айналады. Жаңадан пайда болған клеткааралық зат мукопротеидтер мен коллагеннен түрады. Дамудың келесі кезеңінде деполимеризация жүреді, яғни мукополисахаридтер молекулаларының ыдырауы мен олардың қаддыктарының еруі. Осы кезде клеткааралык заттың органикалық белігі толыктай дерлік кол¬лагеннен түрады. Одан кейін клеткааралық заттың әктенуі мен ірі тал-шықты сүйек үлпасының калыптасуы жүреді. Кейін ірі талшыкты сүйек бірте-бірте жойылып, оның орнын пластинкалық сүйек басады. Мүндай кайта қүрылыс клеткалардың екі түрінің — сүйекті талқандаушы остеокластлер мен сүйек түзуші остеобластлердің, тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде жүреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *