Сүйектер пішіні
Сүйектердің үлкен-кішілігі мен пішінінің алуан түрлі болуы олардың атқаратын қызметіне байланысты.
Пішініне қарай сүйектерді ұзын сүйектер (жіяіктер), қысқа сүйек-тер, жаяпақ сүйектер және аралас пішінді сүйектер деп бөледі.
Жіліктер аяқ пен қолдың негізін қүрайды және бұлшык еттерге рычаг қызметін аткарады. Жіліктін тығыз заттан тұратын орта бөлігін диафиз деп атайды, ал кемік заттан қүралған жуандау келетін жіліктің ұштары эпифиздер деп аталады. Жілік бастарының жуандап келуі буын-дасатын сүйектердің жанасу беттерінің ауданын арттырып, тіректік мықтылығын күшейтеді. Cүйектnің кемік затының үяшықтарында кейін сарғылт майға айналатын сүйектің қызыл майы орналасады. Диафиздін қуысында да сүйек майы болады.
Сүйектің қызыл майы дәнекер ұлпалык клеткалар мен олардың өсінділерінің және дәнекер ұлпалык талшықтардың жіңішке шоғыр-ларының торы. Осы тордың тұзақтарында дамудың күрделі кезең-дерінен өтуші канның қызыл және ақ клеткаларының аса кеп саны болады. Сүйек майының массасы дене массасына қарағанда анағұрлым басым, дене массасының 4,6% кұрайды.
Қысқа сүйектерге қол қоспасының сүйектері және өкше сүйектері жатады. Қысқа сүйектер сүйектер жүйесінің мықтылық пен әртүрлі қозғалысты бірдей қамтамасыз ететін және мүмкіншілігіне қарай соққы мен шайкалыстың әсерін әлсірететін жерлерде орналасады. Қыска сүйекті кемікті сүйек деп те атайды, себебі тығыз заттың жұқа қабатымен қапталған кемікті заттан тұрады. Қысқа сүйектерге сіңір-лерден дамитын күнжіт тәрізді сүйектер де жатады. Ірі күнжіт дәні тәрізді сүйектер тізе тобығы, қоспаның бүршақтәрізді сүйегі мен аяк-тың үлкен башпайының негізіндегі екі күнжіт дәні тәрізді сүйектер.
Аралас сүйектерге пішінін дәл жазып жеткізуге болмайтын сүйектер жатады. Мысалы, жоғары жақ сүйек, омыртка, бастың негізінің сүйектері, т. б. Бас қаңқасының кейбір сүйектерінде ауаға толы қуыс-тар болады. Мүндай сүйектерді ауалы сүйектер деп атайды (жоғарғы жақ, мандай сүйек).