Жалпы Мақсаттағы күштер

Жалпы Мақсаттағы күштер

Жалпы мақсаттағы күштер құрамына — құрлық әскерлері мен мобильдік топ күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар өздеріне әр түрлі қарулар мен техникаларды біріктіреді.
Құрлық әскерлері түрлеріне – мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге – инженерлік, химия байланыс, радио және радиотехникалық, автомобиль және басқалары жатады.
Танк әскерлері – салыстармалы түрде жас әскер түрі. Оның тарихы бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарынан басталады.
Танк әскерлері – құрлық әскерлердің басты, екпінді күші.
Олар, көбінесе, ең басты маңызды міндеттерді орындау бағыттарына қолданылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танк бөлімдері мен құрамаларында орта және жеңіл жүзетін танкілер, қазіргі заманғы жоғарғы жылжымалы–брондық қорғаныс қаруы бар. Түнде көретін қондырғыларының және су түбінде жүруге арналған жабдықтарының болуы танкілерді қазіргі жағдайда ұрысқа өте тиімді құрал етеді. Өте мықты, бронының болуы оларды және ішіндегі адамды ядролық жарылыстың зақымдауынан, екпінді толқыннан (ударная волна), жарық сәулелерінен, радиациядан, радиоактивтік жұқтырулардың әсерінен сақтайды. Жан–жақты дайындықты жастар жақсы танк жүргізушісі бола алады.
Қазіргі заманғы қару-жарақ, мықты двигатель, күрделі жүйелер мен агрегаттар жетілдірілген қондырғылар мен нысана көздегіштер бұлардың барлығы техниканы жақсы күтетін және терең білімді адамдардың ғана билігінде болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *