«Ақжелкен» — бөбекжайы
«Балапан» ортаңғы тобы
Тақырыбы:
(спорттық шара)
Өткізген: Тәрбиеші Таженова Тұрдыжан Жанатқызы .
2017 — 2018 оқу жылы
«Біз — спортты сүйеміз» Әке мен ұлдар арасындағы жарыс.
Мақсаты: Балалар мен әкелерге спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру – Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ι Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті қонақтар ата – аналар, балалар бүгінгі «біз спортты сүйеміз» атты
әке мен ұлдар арасындағы жарысқа хош келдіңіздер.
Әкелер мен ұлдар сіздерді келе жатырған мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Спорттық шарамызды бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін ауыл әкімі: Э.Қобыландыұлына және балабақша әдіскері: А.Әбдікәрімқызына береміз.
I Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Денсаулығың мықты боларсың.
II Денсаулық ол – күлдің,
Көңіл – күйің жадырай.
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
I Денсаулық ол – шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
II Басты байлық – денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан, балақай.
II Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Ендеше жарысқа қатысатын балалармен әкелерімізді шақырамыз.
(әр топ орындарына келіп тұрады).
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Жарысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Ауыл әкімі: Э.Қобыландыұлы
2. Дене тәрбиесінің мұғалімі: М. Мағжанұлы
3. Балабақша әдіскері А.Әбдікәрімқызы
Спорттың жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады. Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Ал енді құрметті сайыскерлер!
Сіздерге сәт сапар!
Жарысымызды бастаймыз.
1. «Барыс» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін».
2. «Жасұлан» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан».
1 – ші Жарысымыз «ептілер» деп аталынады.
(Әкелер мешокпен, балалар кенгурумен секіру).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).
2 – ші Жарысымыз «кенгуру» деп аталынады.
(Әкелер балаларын арқалап уақ доптарды тасиды).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).
3 – ші Жарысымыз «жүргізушілер» деп аталады.
(Әкелер велосипедпен, балалалр машинамен жүру).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).
4 – ші Жарысымыз » кім жылдам » деп аталады.
(бір- біріне флажок беру)
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).
5 – ші Жарысымыз «вилосипед» деп аталады.
(әр отбасы баласын велосипедке отырғызып кедергілерден мүдірмей өту).
(әділ қазылардың ұпайлары).
6 – ші Жарысымыз «бишілер» деп аталады.
(Қаражорға биін топпен билеу)
(әділ қазылардың ұпайлары).
ІІІ Қорытынды бөлім.
Жарысымыз мәре келіп жетті. Енді жеңімпаздарды анықтап марапаттау.
Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі. Сонымен қатар жарысқа қатысқан топтарға дипломдар табыс етіледі.
Құрметті қонақтар! келгендеріңізге көп – көп рахмет.