«КАСПИЙ ТЕҢІЗІ» АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

«КАСПИЙ ТЕҢІЗІ» АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Каспийдің түпкі мағынасы Қас би. Ол өз кезегінде Қаз бидің (Қазақтың) лақап аты, яғни синоним. Сонда Қаз дегеніміз бүкіл әлем елдері мәдениетінің ең биік шыңы болса, Қас деген сөз кез-келген ұғымдардың ең биік шыңы. Оның аржағында ештеңе жоқ. Қазақтың сөздік қорындағы Қас Сақ, Қас батыр, Қас мерген, Қас ақын, Қас шешен, Қас тұлпар, Қас дүлділ, Қас шебер, Қас қағым, Қасым (бай, хан, жан), Қас қыр (нағыз биіктік), Қасқыр (тұқымы құрымайтын, қолға үйренбейтін, қамап қойсаң айға қарап ұлитын, тек қана етпен коректенетін түз тағысы, балама есімі Бөрі (Көк Бөрі), әлем билеушісі әйгілі Шыңғыс қағанның тегін Бөржігін (Бөрі жігі (руы) дейтіндері осыдан. Моңғолдың «Лу. «Алтан товч» атты еңбегінде Шыңғыс ханның таңбасын «Қасби» таңба деп атаған. 23 бет)), Қас дұшпан, Қас ару, Қас сұлулар осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Қазақтың «қасиетті адам», «қасиетсіз адам» деген ұғымдарының шығу тегі осы. Енді осылардың қасына Қаз ақтың тағы бір балама атауы Қазды (аспанда ұшатын, киелі құс) қосып қойыңыз. Ал, БИ деген сөздің мағынасы баршамызға белгілі болса керек. Шынында да, ең бірінші тілі шыққан елдің Қас би атанбай басқаша аталуы мүмкін де емес қой. Бұл дауға жатпайтын тұжырым. Ежелгі қазақтар жақсылыққа жарысудан алдарына жан салмай, яғни бәйгеден келіп осындай ең құрметті атауларға ие болған. Біз қазір Аталарымыз иемденген осындай дәрежелі атауларға ылайықпыз ба?
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *