1- тақырып (жауаптары)
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІ
1. Қарасөз деген сөзді қалай түсінесің? 2. Сөздің қарасы мен ағы, қызылы бола ма? 3. Қара дегенмен тіркесетін қандай сөздерді білесіңдер? Әсіресе ұлттық тіркес жасайтын, тұрақты сөз тіркестерін еске алыңдар. Бұл Абай шығармашылығындағы «қарасөз» терминінің қолданылуы туралы
1. Қарасөз – шешен сөз, тапқыр сөз. Қарасөз деп, негізінен, ауызша айтылатын сөзді айтады.
2. Сөздің қолданылу ортасына, аудиториясына қарай, мазмұн, мағынасына қарай қазақ тілінде «ақ сөйле» – әділін айт мағынасында, қызыл сөз – бос сөз, қызыл тіл – шешен, орамды сөз деген мағыналарда қолданылады.
Сөз мағынасына, орнына, қолданылу ортасына, қызметіне қарай осындай қызыл, қара, ақ болып бояумен, түр-түспен беріледі. 3. Қара сөзімен қазақ тілінде көптеген ауыспалы мағыналар жасалады.
3.1. Қара қазақ тілінде ақ түске қарама – қарсы түс.
3.2. Ірі мал. Қазақ тілінде түйе, сиыр, жылқы малдарын ірі қара, қара мал деп атайды.
Қара түске байланысты көптеген жаңа мағыналар жасалған.
№ Тіркестер Абай шығармасында Тіркестер
Мағынасы
1 Қара жоқ Көңілінде қара жоқ… («Әзім әңгімесі») Жамандық, жаулық, арамдық жоқ
2 Қаны қара Қаны қара бір жанмын, жаны жара… («Қалың елім, қазағым…») Ашынған, күйінген
3 Қара жұрт Қара жұрт қарап көріп, сөзге нанбас… («Рахат, мені тастап қоймадың тыныш…» Көпшілік, бұқара халық
4 Қара көңіл Жарқ етпес, қара көңілім… ( «Жарқ етпенс қара көңілім…») Қайғылы, шерлі
5 Қара суық Көңілсіз қара суық қырда жүрсең… («Күз») Ызғарлы, қатты жел
Абай шығармаларында қара тер, қара салу, қара халық тіркестері де кездеседі.
Қара сын есімі қазақ тілінде түске байланысты ақ түске қарама-қарсы болғандықтан, тек жамандық пен қайғыны ғана білдіріп қоймайды. Сонымен бірге қара шаңырақ, қара өлең, қара шал деген тіркестерде уақытпен бірге қадірі артып, қасиеті көбейе түскен деген мағынаны да білдіреді. Сол себепті де, Абайдың қарасөздерін прозамен жазылған, шешен, өткір сөздермен, қадірлі ойлар жиналған шығарма түрі деп қабылдағанымыз дұрыс. -Абай шығармашылығының мәні мен қарасөздері арасындағы сабақтастық қарасөздермен жалғасып кетеді. Қара сөзінің мағынасы туралы айтылып, ұлы данышпанның қарасөз деп таалтын туындыларының тақырыбы түсіндіріледі. Балалар тақырып бойынша: 1. Абай шығармаларының мәні. 2. Өздеріне таныс өлеңдерінің тақырыптары. 3. Қарасөз термині туралы.
4. Қарасөздерінің тақырыптары.
«Абайдың «Ғақлия» атанған қарасөзі барлық құрылыс қалпымен,, шебер, шешен тілімен және өлеңдеріндегі ой толғауының көпшілігін тереңдеп, еселеп, өсіріп жеткізуімен біздің әдебиеттегі тағы бір соны, қызықты жаңалықтың бірі болған. Мұнда да сыншыл, ойшыл Абай көрінеді. Орыс әдебиетіндегі Лев Толстойдың кейбір толғау үлгілеріндей, бірақ қазақ халқының өз тіршілігіндегі күнделік болмысынан туған аса бір алғыр, жүйрік, кейде шешен орамды мол бір әсер көрініп отырады» (13-бет) ( Абай тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / Құраст. Н. Ғабдуллин. – Алматы: Жазушы, 1986. – 432 б. )
2. «Жалпы алғанда, Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.
Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбір сырт сипаттарына қарағанда Лев Толстойдың «Круг чтение» деп аталатын еңбегіне ұқсас» (М. Әуезов 20-томдық шығармалар жинағы. Т. 20. – Алматы: Жазушы, 1987. – 218-219 б)
«Абай тілі сөздігінен» түсініктемені ұсындық.
Оқушыларға меңгеретін, есте сақтаутын екі ақпарат бар:
1. М. Әуезовтің Абай шығармаларының жанры туралы пікірлері.
2. Сөздіктегі түсініктеме.
3-бөлімде оқушылар үшін аса қиындық тудырмайтын тапсырма. Алдыңғы бөлімдерде бірілген ақпараттарды еске сақтай отырып, өз ойларын айтады.
1. «Ғақыл – ақыл» сөздерін Абай жарыстыра қолданған. Өзгешелік бар ма? 2. Қара сөзін қатыстырып ауыспалы мағыналы сөз тіркестерін жасаңдар.
Ақыл – адамның ойлау қабілеті, ой-санасы. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Т. 1. – Алматы: Ғылым, 1974. 157-бет). Ғақыл – ақыл, ес. (Абай тілі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1968. 179-бет.
Ғақыл – (араб) – ақыл, ес, даналық https://sozdikqor.kz/search?q
1. Ғалым Р. Сыздық ертеректе енген араб-парсы сөздері қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына қарай өзгергенін айтады. Қазақ тілінің табиғатында сөз басында кейбір дыбыстар қолданыла бермейді. Сондықтан араб-парсы тілдерінен енген сөздер халықтық сөйлеу нормасына қарай түсіріліп те, жазба үлгісіне қарай да қолданылады. Бұл екі нұсқа бір-біріне фонетикалық вариантты бола береді деген ойды айтады.
Бірақ ақыл мен ғақыл сөздерінің қолданысында мағыналық реңк бар. Бір-бірінің мағынасына жақындық та, дәл қайталай бермейтін өзгешелік те бар.
1. Өсиет сөз, насихат сөз, ақылды сөз дегендерді қалай ұғасыңдар.
2. Әрқайсысына мысал келтіріңдер.
Оқушылар осы тақырыпқа тірек болатын сөздердің мағынасын естерінде сақтау үшін олардың мағынасын ашады. Өсиет сөз – өзінен кейінгілерге айтылатын ақыл, кеңес, ғибрат, үлгі, өнеге (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Т. 7. – Алматы: Ғылым, 1983. 582-бет).
Насихат сөз – ақыл-кеңес берудегі өсиет, жоба, нұсқау (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Т. 7. – Алматы: Ғылым, 1983. 323-бет).
Ақылды сөз – үлгілі сөз. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Т. 1. – Алматы: Ғылым, 1974. 159-бет).
Осындағы сөздердің мағыналас бірліктері ақылды сөз тіркесін мұғалім оқушылармен бірге талдайды.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба…» өлеңі бойынша қандай өсиеттер айтқанын жазып шығыңдар.
Абай атамыздың
өсиеттерінің бірі
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Абайдың балалар тіліне, ұғымына жақын, түсініктеріне лайықты өлеңдерінің бірі – «Ғылым таппай мақтанба». 19-ғасырдың соңғы ширегінде қазақ даласы үшін ғылымды игеру, ғылым жолына түсу дегеннің сыры бәймәлім болғаны белгілі. Ұлы данышпан ғылымды табу, ғылымды іздеудің ( біздіңше, ғылым жолындағы іздену болуы да мүмкін) сол құпиясын, сырын түсіндіреді. Ғылым ойынның ісі емес. Ғылымның мәні – бес нәрсеге ғашық болу, бес нәрседен бойды аулақ ұстау. Бұны ақын «бес асыл», «бес дұшпан» дейді. Сол асылдың басы талаптан басталады. «Талапты ерге нұр жауар» дейтін қазақ мақалын еске алсақ, талап қылу, талаптану – жас баланың бойындағы болашағын жарқын етер асыл қасиеттердің бірі. Талапты еңбекпен ұштастыру керек. Еңбектену бар да, оны терең оймен қорыта білудің мәні үлкен. Ғылымдағы қанағатшылдық – адамшылықтың негізі. Рақымы, мейірімі бар ғылымның ісі – адамзатқа пайдалы еңбек. Абай өсиеті – ғылым үшін керек қасиеттерді талдап беруінде. Осы қасиеттерді адам бойына сіңіру қажеттігін мұра етеді. Жас бала осы қасиеттерді, бес асылды бойға жинап, бес дұшпаннан аулақ болса, ғылымдыққа бой ұрғаны.
Мұғалім оқушылармен осындай үлгіде бес асылды, бес дұшпанды, ғалымға еліктей білу, жақсы адамнан үлгі ала білу өсиеттерін, өнеге, насихаттарын талдаса, оқушылар Абай айтқан өсиет, ақыл сөзді түсінеді.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын жазыңдар.
Ғылым(ды) табу – сабақ алу, білім алу
орын(ды) табу – игі мақсатқа жету, халыққа, ұлтқа пайда келтіру
мақтану – өз-өзін дәріптеу
баптану – жайлану, өзіне қолайлы жайлылық іздеу
шаттану – өзгеше қуану, масаттану
құмарлану – қызығу, әуес болу
Абай қарасөздері туралы М. Әуезовтің екі пікірі берілген. Осы пікірлерді оқып шығыңдар.
№ Құрылысы Тілі Мазмұны Жанрлық ерекшелігі
1 шебер шешен сын толғау үлгілеріндей
2 жүйрік ой
Үлгіге қарап 2-пікірді кестеге салыңдар.
№ Құрылысы Тілі Мазмұны Жанрлық ерекшелігі
1 Сюжеті жоқ Көркем Сыншылдық, ойшылдық, адамгершілік, мораль Көркем прозаның бір түрі: естелік, мемуар емес
2 Кеңес айтқан ұстазға ұқсайды өсиет, толғауға ұқсайды
Абайдың қарасөздерінің тақырыбы мен мазмұныны түсіндіру үшін мұғалім осы ретпен бірнеше қарасөзін кестеге салуына болады.
Абайдың 1, 7 қарасөздері
Қарасөз Тақырыбы Стилі Абайдың түйген ойы
1 Қарасөздерді жазудағы мақсаты Әңгімелесу Бар ойын қағазға түсіру, кім керек етсе, қажетін алады.
7 Жас баланың білуге ұмтылатындығы Түсіндіру Бала кездегі жақсы қасиетті ортаның надандығы бұзады деген ойды айтады
Мұғалім оқушылармен бірге ойды жинақтайды. Оқушыларға тақырып бойынша бірнеше сұрақтар беріп, жауаптары негізінде ойды ашуға болады. 1. Абай атамыз туралы бұған дейін не білетін едік? Абай атамыз бізге арнап көп еңбектер, ақылды ойларын өсиет етіп қалдырып кеткен. 2. Абайдың қандай өлеңдерін білеміз? Балалар өздері білетін өлеңдерін атайды.
3. Қарасөз деген не екен? Қара деген түсті білдіретін мағынадағы сөзбен тіркесіп қандай мағынаны ашып тұр?
4. Қарасөздің әдебиеттегі мағынасы не?
Ой толғау, әңгімелесу, кеңес беру т.б.
5. Абай атамыздың қара сөздерінде не айтылыпты?
Қазақ халқына пайдалы ақыл-кеңестер, насихат сөздер айтылыпты.
Қара сөзі – қазақ тілінде тек түсті ғана білдіріп тура мағынада қолданылып қоймайды. Қара сөзі ауыспалы мағынада да қолданылады. Қара қазан, қара шаңырақ тіркестері қадірлі, қасиетті дегенді білдереді. Қарасөз – ой толғау. Абайдың ішкі сезімдері мен ойы жиналып, терең де ақылды сөздермен беріледі.
Соңғы «алтын сандықтағы» ойды түйіндейміз. Балалар Абай атамыздың қарасөздерінің тақырыбы мен идеясы туралы ойды жинақтайды.
Абайдың қарасөздерінде ұлы данышпанның өсиеті мен насихаты, ақылы мен тілегі жазылған. Ақын өлеңдеріндегі ойды тарата жазады. Бірде үлгімен, ақылмен айтса, кей тұста:
«Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл,
Не жазып кетсе, жайы сол.
Жек көрсеңдер, өзің біл», — дейтін Абай өлеңімен үндесіп кетеді.