Рококо өнері

Рококо өнері.
Қарастырылатын мәселелер.
1.Рококо живописъі.
2.Ф.Буще.
Франсуа Буше (1703-1770) антикалық жеңіл түсініктегі қиял-ғажайып тақырыпқа құрылған картиналар жазды.Осылардың ішінде өмірді онша әсерлемей шыншылдыққа жақын бейнелеген суретшілер болды.
Рококо Барокко ағымынан шыққан соның жалғасы іспеттес. Рококо көбінесе үйлердің cарайлардың ішкі жағын көркемдеуге қолданылады.Бұл кезеңдерде көбінесе шағын сарайлар үйлер тұрғызылды.Олардың сыртқы көрінісі өте қарапайым болып келеді.Барокко әдісіндей құбылмалы әшекейлі керегелер біртіндеп жоғала бастады. Үйдің ішкі керегелері әдемі панелъдермен айналармен көмкерілген.Жұмсақ меруерт түсті маталармен жасалған жиһаздар жалт-жұлт еткен айна ернеулі хрусталъ люстралар бөлмені әсем әуенді қобдишаға айналдырғандай болатын. Көбінесе әшекей заттары қатаң симметриялы болып келетін.Әсіресе раковина іспеттес әшекейлер жиі қолданылды ,сонымен бірге қытай сән-салтанаты әшекей кең етек жайған. Рококо ағымында жасалған үй-жиһаз бұйымдары қуыршаққа ұқсас шағын әдемі еді. Әйелдер мен ерекетер үлбіреген жұқа жібек матадан киім киді.Сұңғатта негізінен ашық түстер кеңінен қолданылды.(күлгін,аспан көк, қызғылт сары). Көбінесе майлы бояумен қоса пастелъ де жиі пайдаланды.Рококо қолтумасында тән нәрсе олар көбінесе малшылар мен малшы балаларды жиі бейнеледі. Бейнелер шынайы қарапайым халықтан шыққан адамдар бейнесі емес еді, малшыға ұқсас киінген ақсүйек адам еді. Фламандиялық суретші Антуан Ватто бау-бақшадағы салтанатты отырыс ойынды әсем бейнеледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *