Палеолит,мезолит , неолит өнері.
Қарастырылатын мәселелер.
1. Палеолит,мезолит өнері.
2.Неолит өнері.
Палеолиттен мұздақтардан шегінуден кейін мезолит орта тас ғасыры одан кейін жаңа тас немесе неолит ғасыры өңделген тас ғасыры келеді. Ерте тас ғасыры өрнегінің ғаламат пафосы біртіндеп тұншыға береді. Өйткені ол жастық пафосы айналадағы дүниені алуан түрлі аңдар патшалығын бейнелеу арқылы игерудің алғашқы талпынысы болды. Бейнелеу өнер ескерткіштері мен сол заманғы иероглифтер жартасқа салынған суреттер өте сан-алуан жерлерге таралған.Олардың топтанған орындары бүкіл Африкада стилъі жөнінен Испанияның шығысында кездеседі. Өзбекістан, Азербайжанда, Ақ теңізде Сибиръде бар.Палеолитке тән нәрсе өнерден біраз ерекшелінеді аңның бейнесін нысанадай арманды мақсаттай дәл беретін реалистік пафос біршама үйлесімді жинақтауға стилъдендіруге сөйтіп ең бастысы қозғалысты бейнелеуге ұмтылады. Испандық африкалық суреттерде садақшылардың қаумалап аң аулаудағы кейбір көріністері барынша шегіне жеткізіліп адуын құйынға айналған қозғалыстың өз бейнесіндей ала жөнелуге дайын тұрған асау жігердей бұл жағынан алғанда кейбір сценалар шын мәнінде өшпес із қалдырады. Мұның үстіне бұл бейнелеу өнерінде жартастағы графикада алғашқы қауым бейнелеу өнерінде тұңғыш рет бұл әсем нәзіктікке деген талпыныс айқын байқалып өз мақсатын көбіне керемет орындап шығады. Неолиттің жартастағы бейнелеу өнерінде адамдар мен аңдардың кескіндері көбіне болжап қана берілетіні соншалық жай ғана белгілерге айналып кетеді,сөйтіп нені бейнелегені әрең ажыратылады. Ырғақтылық пен ішкі динамизм бейнелеу өнеріне әрдайым дерлік шабыт беріп қарапайым өрнекке дейін төмендеуден сақтайды.Ласко үңгіріндегі суреттерде мұнда шапшаңдық дамылсыз қимыл және еркін қиял тамаша жаңа шабыт серпіні.Неолитке тән өнердің алғашқы қауымдық қатынастарды сақтаған африкалық тайпалардың арасында әлі де ұзақ сақталғаны көп нәрсені аңғартады. Мәселен, Оңтүстік Африкада ол бұл жерлерге европалықтар келгенге дейін өмір сүрді. Бушмендердің жартастағы тамаша бейнелеу өнері шабыты мен стилі жөнінен неолитке жатады.
Көрген адамның әңгімесіне қарағанда, өткен ғасырдың соңына таман егде тартқан ақ сақалды үш бушмен үңгір қабырғаларына сурет салып жатады… Олардың әр қайсысы өз суреттерін дербес жасап жатыр… Бушмендердің барлығы бірдей суретші болмаған, бұл өнермен сурет сала білетін азшылығы ғана айналысқан. Әйелдер еркектердің жұмысын тек сырттай қызықтайтын… Сурет салушылар ең алдымен қызыл бояулы кішкентай құмыра мен антилопаның қылынан жасалған (кейін жылқының қылынан дайындалады), тарамыспен таяқшаға байланған қатты қаламды қолына алады. Олар қыл қаламды бояуы бар құмыраға батырып қабырғаға сурет салады. Қанша бояу керек болса, сонша құмыра пайдаланылады… Бояуды олар ерітілген майға езеді. Қабырғаларға сурет салмастан бұрын бушмендер болашақ суреттің нобайын алдын ала кішірейтілген күйінде шағын жалпақ тастарға салады.
Аса бағалы куәлік 1 Жартастарға сурет салушылардың қалай жұмыс істегендері жөнінде біздің бар білетініміз осы.
Европалық отаршылар келген кезде бушмендердің қоғамдық құрылысы ежелгі рулық қоғам ғана еді. Бушмендерді – Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындарын – бурлар мен ағылшындар қатігездікпен жойып жіберді. «Тас ғасырдың» ақырғы суретшісі –бушмен – атып өлтірілді деген дерек бар. Оның белбеуінде мүйізден жасалған, әрқайсысына ерекше бояулар құйылған он ыдыс болған.
Міне, біздің жерде табылған кейінгі неолит бейнелеу өнерінің ескерткіші. Бұл Онега көлінің шығыс жағындағы Бесов Нос деревнясы маңынан Эрмитажға жеткізілген гранит жартастың бөлігі төрт мың жылдай бұрын оған ондаған кескіндер қашап жасалған. Бұландар мен бұғылар, үйректер мен аққулар және ескекшісі бар үлкен қайықтар. Мұның бәрі айқын бейнеленген. Бірақ бұлардан басқа өскін екені немесе ұзын сырыққа шаншылған екені белгісіз шеңберлер бар… Біз олардың нені бейнелейтінін білмейміз. Күнге табыну ма? Әлде айға ма? Бірақ тұтас алғанда, бұлар адамның аңнан үстем болуына жол ашатын сиқырлы мистерия, яғни адамның табиғаттан тағы да үстем түсуін бейнелейтіндігі айқын. Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар оның прогрес жолындағы қарышты қадамын енді ешкім тоқтата алмайды. өнер жаңа формаларға ие болады. Лена мен Ангара құздарындағы бұландардың кескіні де Выга өзенінің Ақ теңізге құяр тұсындағы Залавурга деген жердегі жартастарда шынайы реалистік кұшпен бейнеленген жақында мүк астынан табылған бұғылардың декоративті тізбегі тамаша. Біздің эрамыздан бұрын шамамен елу мың жыл шамасында аяқталған ерте палеолит дәуірінде қаһарлы мұзь кезеңінде адам жағдайы осындай болды.