Ежелгі Рим өнері

Ежелгі Рим өнері.
Жоспар.
1.Рим елінің мәдениеті.
2.Рим мүсіні.

Рим өнерәі тұтастай алғанда грек өнерінен туып өскен дәлелдеуге болады. Алайда Римнің мұрасы Европаның мәдени іргетасын қалауда өте үлкен орын алды. Ол олма бұл мұра европалық өнер үшін шешуші дерлік нәрсе болды. Рим ақсүйектері өнердің барынша қадірлеуінше айналды. Тамаша ескерткіштермен жасанып шыға келді. Әділет жағдайында Рим мемлекетін шайқалтқан құлдардың қаһарлы көтерілісіне , олардың көсемі спартактың жеңілмес римдік қыспағына екі жыл төтеп берілгеніне қарамай айтылып отыр. Бүкіл жарық дүниеге қаншама игілік әкелді. Теңіздер пираттардан ал жолдар қарақшылардан тазартылды. Заң халықтың өмірі мен мүлкін күзетеді. Әрбір адамның правосы кімнің болса да қол сұғуынан қорғалған. Бұл күнде бостандық оны сенімді ету үшін ғана шектеледі. Дүниені әділет ппен парасат басқаруда.
Римдіктер толып жатқан грек мүсіндерін әкеліп қана қойған жоқ (бұданм басқа олар египеттік обелискілерді де тасып әкелді) , сонымен қатар, біздің жоғарыда көргеніміздей, барынша кең көлемде грек түпнұсқаларының көшірмесін де жасады. Сөйтіп , біз бір ғана осы үшін де оларғаа алғыс айтуға тиістіміз. Алайда, мүсіндеу өнеррріне қосылған Римнің өз үлллесі неде? Трааян форумында осы императордың өз мүрдесінің үстінде, б.э. бұрынғы 2 ғвсырдың басында тұрғызылған Траян колоннасы деңгегінің айналасында ақыр аяғында патшалығын (қазіргі Румыния) римдіктер жаулап алған дактарды императордың жеңгендігін мадақтайтынбедер кең жолақ жасап бұйраланып жатады. Бұл бедерді орындаған суретшілер, сөз жоқ, талантты ғана емес, сонымен бірге эллинистік шеберлердің тәсілдерімен жақсы таныста еді. Дегенмен бұл-кәдімгі римдік туынды
Біздің көз алдымызда егжей-тегжейлі әрі жақсы айтылған хикая. Жинақталған бейнелеу емес, нақ хикаяның өзі. Грек бедерінде болған оқиғалар жайындағы әңгіме аллегориямен беріліп, әдетте мифологиямен ұштасып жататын. Римдік бедерде, республика заманынан бастап –ақ оқиғалардың барысын олардың логикалық бір іэділігін сақтап, оларға қатысқан адамдардың өзіндік белгілерімен қоса, мүмкін болғанша дәлірек , нақтырақ беруге тырысушылық айқын көрінеді. Трааян колоннасының бедерімен біз римдік және тағылар қостарын, жорық әзірліктерін, қамалдарды қоршауға алуды, аяусыз ұрыстарды көреміз. Бәрі: рим жауынгерлері мен дактардың типтері, олардың қару жарағы мен киімі, бекіністерінің көрінісі, шынында да, өте дәл сияқты: бұл бедер сол кездегі әскери тұрмыстың бейне бір мүсіндік энциклопедиясы міндетін атқарып тұрғандай.Өзінің жалпы ой- ниеті жағынан үбкіл коимпозиция бәрінен гөрі бізге мәлім Ассирия патшаларының қан майдандағы ерліктерінің бедерліхикаяларын еске түсіреді. Алайда анатомияны өте жақсы біліп , гректерден келе жатқан кескіндерді кеңістікте еркінірек орналастыру шеберлілімен жасалғанына қарамай , бұл бедердің бейнелеу қуаты кем.Кескіндері пластикалық жағынан айқындалмаған бұл аласа бедер сақталмаған сурет өнері үлгілері әсері мен жасалу да мүмкін. Траянның өзінің бейнесі тоқсанға жуық қайталанады, жауынгерлердің жүзі төтенше әсерлі.
Міне, осы бір нақтылықпен әсерлік бүкіл римдік портреттік мүсіннің ерекшелік белгісі болып табылады, осы портреттік мүсіннен , тегінде, римдік көркемдік данышпандықтың өзіндік ерекшелігі бәрінен гөрі басымрақ байқалады.
Римнің дүние жүзілік мәдениеттегі маңызына қайта оралайық. Дүние жүзілік мәдениет қазынасына қосылған таза римдік үлесі (нақ сол римдік портретпен байланысты) антика өнерінің аса ірі соыеттік білімпазы О. Ф. Вальдгуэр тамаша анықтаған: «..Рим жеке-дара тұлға ретінде бар; Рим оның белгілерімен ежелгі бейнелер қайта туған қатаң формаларда бар, Рим антика мәдениетінің ұрығын жан-жаққа тараты, жаңа, әлі де болса тағы халықтарды ұрықтандыруға мүмкіндік берген ұлы организмде бар., ең ақырында, Рим эллиндік мәдени элементтердің негізінде жәнет жаңа міндеттерге сай ол элементтердің түірн өзгерте тоырып, цивилизацияланған әлемді жасуда бар, тек Рим ғана портреттік мүсіннің… ұлы дәуірін жасай алды
Римдік портреттің күрделі алғы тарихы бар. Оның этрускілік портретпен де, эллинистіки портретпен де, байланысы бары анық. Римдік тамыр да әбден айқын: мәрмердегі не қоладағы алғашқы римдік портреттік бейнелер бар болғаны өлген адамның жүзінен алынған балауыз масканың дәл қайталануы ғана еді. Бұл әлі өнер емес-тін.Кеиінгі замандарға римдік көркем портрет негізінде дәл сақталды. Творчестволық шабытпен, тамаша шеберлікпен қанатталған дәлдік ол. Бұл арада грек өнерінің мұрасы әрине өз рөлін атқарады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *