Ежелгі Грек мәдениеті

Ежелгі Грек мәдениеті
Қарастырылатын мәселелер.
1.Хет патшалығы.
2.Эгей мәдениеті..

Сан ғасырлық тарихы бар грек мәдениеті өзінің бастауын ежелгі эгей хет пеласгтардан алады. Мыңжылдықта ежелгі грек жерін эгейліктер жайлаған. Көне жұрт эгейліктер туралы жартымды тарихи деректер жоқ. Тіпті кейінгі дәуірде эгейліктер аты аталмай тарих төрінен біржола кетеді.Ғалымдардың пайымдауынша олардың тілінің үнді европа парсы тілдермен ешқандай туыстығы үндестігі жоқ деген болжамды айтады. Олардың тарих төрінен із түзсіз жоғалып кетуі көптеген болжам аңыздарды тудырады. Сондай болжамның бірі эгейліктердің батыс жарты шарына немесе аңыздарды айтылатын атлантида құрлығына ауып кетуі ғажап емес дегенге саяды.Әзірше мұның бәрі тек жорамал.Тарихи жұмбақ эгейліктердің кейін мұнда екінші мыңжылдықта хеттер өмір сүрді. Солтүстік кіші азиядан келген хет тайпалары осында орнығып күшті патшалық құрды.
Хет патшалығы өңірінде бірнеше ғасыр бойы үстемдігі жүргізген сол дәуірдегі топонимді жер су аттарына ден қойсақ хеттердің түрік тектес халықтармен туыстас екені аңғарамыз. Хеттер заманында Кипр аралы алашия ал херсон түбегі қоржын аталған еді.Осының алдында Грек жерінің солтүстігіне солтүстіктен келген көшпенді тайпалардың қысымымен ахей, даная тайпалары келіп қоныс тепті. Кейіннен грек халқының негізін құрған бұл тайпалар хеттермен аралас-құралас өмір кешті. Ахейліктер бірте-бірте Грек жерін игере бастады.Алғаш олар шығысқа сонан эгей мәдениетінің орталығы болған кіші азия жағасына соңынан крит аралына барар теңіз жолын игерді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *