ГРЕК КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕРІ.
Қарастырылатын мәселелер.
1.Грек классикасы.
2.Гера ғибадатхана.
Біздің заманымызға дейінгі 500-449 жылдары гректерге парсылар шабуыл жасап, көп жерлерін басып алды. Гүлденген қалаларды қиратып,елді құлдыққа салды. Қатерлі бұлт Афина қала-мемлекетінің басына да төнді. Сондықтан Афина бас болып, бостандық пен тәуелсіздікті қорғау үшін грекқалаларының одағын құрды, ортақ жауға бірігіп күресуге жұмылдырылды.
Ақырында гректер жеңіп, тәуелсіздігін қорғап қалды. Осы жеңістің барысында грек қалаларының күші теңіз одағы құрылды. Оған кішігірім екі жүзге тарта мем лекет кірді. Негізгі көш бастаушы, басқарушы Афина қаласы болды. Бірте-бірте осы тең праволы қала – мемлекеттер үлкен державаға айналып, күшейді. Соңында олардың бәрпіне Афина өз үстемдігін жүргізді. Оның, әсіресе теңіз флоты қатты дамып, теңізді емін-еркін биледі.
Афина қала мемлекеті әсіресе, Периклдің тұсында өзінің гүлденуін бастап өткерді. Афина ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналып, атақты ақын-жазушылардың, тарихшылар мен философтардың назарын өзіне аударды.
Осындай күшті Грек мемлекеті тұсындағы өмірге келген өнер – Грек классикасы өнері деп аталады. Бұрынғы өткен замандардағы Мысыр, Эгей және архайка кезеңдеріндегі жасалған өнер туындыларынан үйрене отырып, жаңа тұрпаттағы талғамы жоғары өнерді тудыру осы кезеңнің суретші-сәулетшілерінің үлесіне тиді. Кейінгі дәуірлерде Грек өнерінің қарыштап дамуына, онымен қоймай басқа да Европа елдеріне ықпалын жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеріне күшті әсер еткен осы кезеңдегі туындаған өнер болды. Алғашқы гректік өнердің үлгісі болып саналғандықтан, классикалық өнер аталуы да содан.
Архайка тұсындағы сәулет өнерінің ең озық үлгілерін ары дамыта отарып, сәулетшілер тамаша сарайлар тұрғызды. Сондай сарайдың қатарына Гера және Зевс ғибадатханаларын жатқызуға болады.
Гера ғибадатханасы алтын реңді қайрақ, тастардан қаланып тұрғызылған. Сәулет кешенін алдында 6, ұзына бойында 13 діңгек құрастырып тұр, жалпы аумағы 60×24 метр.
Гера ғибадатханасына ұқсас шарттылыққа тұрғызылған кешеннің бірі – атақты Зевс құрылысы. Кешен Грек сәулетінің нышаны ретінде, ең үздік тұрғызылған ғибадатхананың бірі. Олимптегі бұл құрылыс сәулетші Либонның басқаруымен тұрғызылған.
Осындай айтулы сәулет ғимараттарымен бірге мүсін өнерінің де тамаша шығармалары өмірге келді. Соның бірі – грек классикалық мүсін өнерінің бірегей озық туындысы, тәңір-қызы Афина бейнесі. Кейіпкер найзаға сүйеніп, қалың ой үстінде тұр, басында жауынгерлік коринфтік дулыға. Шығармада классикалық өнердің зор жеңісі, суретшінің, архайка өнері шарттылығынан құтылған тәуелсіз талпынысы жақсы сезіледі.