Барокко ағымы.
Қарастырылатын мәселелер.
1.Барокко өнері.
2.Жаңа өнер ағысы.
XVI ғасырдың соңында Италияда жаңа ағым өмірге келді. Ол ағым «Барокко» деп аталады. «Барлккл» деген сөз «өзгеше» деген мағынаны білдіреді.
Тың ағым ғажайып өзгешелігімен, бас айналдырар шым – шытырық әшекейлерімен, адам ойлағанынан да асып түсетін безендіруімен көрерменді таңдандырды. Бұл өнердің қызметін католиктік шіркеу иелерімен ел билеушілері жақсы пайдаланды. Осы өнер арқылы олар өздерінің мығым да, айбынды билігін, күшін көрсетіп бақты. Сондықианда, барокко өнері шіркеулермен король сарайларында барынша өркендеді. Біртіндеп өзінің сипаты мен бүкіл Европаны тәнті еткен бұл ағым – испандақтар арқылы Америкаға дейін тарады. Қазірге дейін Америкаға жайылған сол барокко ағымын « испан стилі» деп атайды.
Барокко сәулет өнерінің туған отаны – Рим болды. Бұл жаңа өнер ағысы шіркеу құрылыстарында кеңінен қолданды. Соның бір айғағы – Римдегі Санта Сусана шіркеу ғимараты. Ғимарат екі қанатты фасадтан тұрады. Фасадтары жартылай діңгектер мен пелястлерден құралып, жоғарғы жағын үш бұрышты фронтонт ( маңдайша шатыр) қамтиды. Ұзыншақ төменгі ярус пен енсіз шағын жоғарғы ярус бір – бірмен екі бүйірінде «волюта» (екі басы спираль тәрізді өрнек, шиыршық) деп аталатын сәулеттік әшекеймен жалғасады.