10-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында. Туған жер.
Қос дауыссыз дыбыстардың қолданылуы.
2. Сабақтың оқыту сағаты: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Қос дауыссыз дыбыстардың қолданылуы туралы түсіндіріп, білімдерін дамыту.
• тәрбиелік: Оқытушылардың туған жерге сүйіспеншілігін оятып, сыпайылыққа тәрбиелеу және сөйлеу әдебін меңгертіп, талғамы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
• дамыту: Қабылдауы мен ойлау қабілеттерін зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой-өрісі мен дүниетанымын дамыту, өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары. Плакаттар.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2.Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
4. У әріпінің емлесі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданылады.
5. Ы,І әріптерінің емлесі қандай буындарға түседі.
6. И әріпінің емлесі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданады.
7. Я,Ю әріптерінің емлесі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданады.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қос дауыссыз дыбыстардың қолданылуы
Қосарлы сс, лл, тт, мм дыбыстарына біткен сөздер түбір қалпында өзгеріссіз жазылады. Мысалы: прогресс, металл, киловатт, грамм. Орыс тілінен енген бұл сөздерге қосымша жалғанғанда, қос дауыссыздың соңғы сыңары түсіп қалады. Мысалы: металл- металдың, металға, металдан, металы; киловат, киловаттың, киловатқа, киловаты, грамм – грамның, грамға, грамнан, грамы.
1. нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт дыбыстарының тізбегіне біткен сөздер түбір күйінде өзгеріссіз жазылады. Оларға дауыссыз дыбыстан басталған қосымшалары ы немесе і дәнекері арқалы жалғанады. Мысалы: фонд-фондыға, фондыны; штамп-штамбылау, штампыны, факт-фактіде, фактіден, фактіге; митинг-митінгіге, митингіде; ромб-ромбыға, ромбымен, ромбыда; шрифт-шрифтіден, шрифтіден, шрифтімен.
2. ст, сть, зд дыбыстарының тізбегіне біткен термин сөздер түбір күйінде сол қалпында жазылады. Мысалы: трест, ведомось, съезд. Бұл сөздерге қосымшалар жалғанғанда, соңғы т, ть, д әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: треске, ведомосқа, ведомоста, ведомосы, съезі.
3. Соңғы дыбыстары ог, уг болып келген сөздерге және рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль, сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке түрде жалғанады. Мысалы; округтік, округке, округтік, округке; фактіге, фактісі, факті.
Туған жер
Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, адам бойында үш қабілет ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты. Осындай көзқарастың қалыптасу мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуімен тікелей байланыстылығын аңғарамыз. Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарттар болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештеме болуға мүмкін емес», — деген екен оқу-тәрбие мәселесіне көңіл бөлген философ, психолог-ғалым Ж.Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын да мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар.
(Мәрзия Аяғанова)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
«Қазақ тілі сабағында» тақырыбында шағын ғана әңгіме құраңыз.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, жаттығуды көшіріңдер. Емлесі қиындық келтіретін сөздерді орфографиялық сөздіктен қараңдар.
1. м-мм: гра…атикалық талдау, мақтау гра…отасы, радио хабарларының програ…асы, екі килогра… қант, төрт килогра…ды бөлу, жолдасынан телегра…а алу.
2. л – лл бағалы мета…, мета…ды, көптеп өндіру, ауыр арти…ерия, сурет га…ереясы, криста…дай таза.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Б) Жаттығу жұмыстарын орындау
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қос дауыссыз дыбыстардың қолданылуы туралы оқып келу.