Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

 


1-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып,өз ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.
• тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға тәрбиелеу.
• дамыту: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру

5.Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультемедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (3% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15 %)

9-сыныпта өткен тақырыптарына шолу жасау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)

Өлеңді мәнерлеп оқып талқылау.
Тәуелсіздік туралы
Ханбибі Есенқарақызы
Сен де арманда едің-ау, мен де арманда,
Сол арманға қол жетті, арман бар ма!
Өзімізді өзіміз таба алмастан,
Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.
Аспан түсті туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз ел біледі.
Әнұран да,Елтаңба – өзімдікі,
Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,
Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?
Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,
Әлем шырқап, қосылып тұрар ма еді!
Тәуелсіз ел қанатын жая алар ма ед,
Бұратана бұтамды саялар ма ед?
Тұрарлары тіріліп, Сұлтанбектей,
Ардақтылар архивтен оянар ма ед?
Тарихтың белгілі енді алдамасы,
Оңтүстік – достық, бірлік жалғамасы.
Үш жүздің басын бұрын қосқан болса,
Тұранды қосты бүгін – Ордабасы!
Енді кімнің қаламыз жүлдесінен,
Тандырмады таңдантып кімді есінен-
Кең маңдайы жарқырап – Назарбаев,
Сөйлегенде жержүзі – мінбесінен!
Қантөгіссіз дербестік алған едік,
Тәуелсіздік жемісін сау көрелік.
Ауыр боп тұр, мұнан да қиын болған,
Қынжылмайық, халайық, тәубе дейік!!!

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Фонетикалық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Отанымыздың патироты деп кімдерді айта аламыз?
3. Патирот дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Тәуелсіздік бізге не берді?
5. Тәуелсіз елдің ұл-қыздары қандай болу керек?

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
М.Мақатаевтың «Үш бақытым » өлеңін жаттап, мағынасын ашып келу.

Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын;
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
/Мені мұндай бақытты жаратар ма!/
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *