«Я» мен «Ю» әріптерінің жазылуы

8 — сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: «Я» мен «Ю» әріптерінің жазылуы.


2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

• оқыту: «Я» мен «Ю» әріптерінің жазылуы, айтылуын талдау.
• тәрбиелік: Студенттерді жинақтыққа, ұқыптылыққа баулу. Топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тәрбие беру. Өз міндеттерін білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
• дамыту: Қабылдауы мен ойлау қабілеттерін зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой-өрісі мен дүниетанымын дамыту, өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15 %)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Орфография мен орфоэпия деген не?
3. Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата
4. Үндестік заңы деген не?
5. Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Я, Ю Әріптерінің емлесі

1. Я әрпі й және а дыбыстарының қосындысының таңбасы ретінде, ал ю әрпі й және у дыбыстарының қосындысының таңбасы ретінде барлық буында жазылады. Мысалы: яғни, яки, аяқ, қоян, таяқ, аяз, таяныш, мая, ясли, юбилей, ою, аю, кею, көркею, каюта, қою т.б.
2. Орыс тілінен енген сөздерге я, ю әріптері дауыссыз дыбыстан кейін жазыла береді де, я әрпі жалаң а дыбысының, ал ю әрпі жалаң у дыбысының таңбасы ретінде қолданылады. Бұл жағдайда олар (я,ю) өзінің алдындағы дауыссыз дыбысты жіңішкертеді. Мысалы: снаряд, полюс т.б.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

4-жаттығу. Төмендегі сөздерде у әріпінің қай жерде, дауысты дыбыстың, қай жерде дауыссыз дыбыстың әрпі екендігін анықтаңыз.
Өрекпу, сусы, судырату, суыртпақ, улану, улы, дуалы, булау, суат, үгілу, өнертану, думан, бурыл, ушықтыру, уәде, уақ, уыс, куәлік, жөнелу, уәкіл, уылдырық.

5-жаттығу.Көп нүктенің орнына ю әрпін немесе йу әріптерінің тиістісін қойып,жазыңыздар.
Қи…, ү…лі, көрке…, ха…ан, м..а, ке…, ке…ана, а…ан, ү…лі, ба…, сарға…, мола…, аңыра…, қара…, и… .


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
Жаттығу жұмыстарын орындату.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Б) Жаттығу жұмыстарын орындау

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Я» мен «Ю» әріптерінің жазылуын оқып мысалдар келтіріп келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *