16 — сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Омоним. Синоним. Антоним.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Омоним,синоним, антоним тақырыбы бойынша оқушылардың алған теориялық білімдерін бекіту.
• тәрбиелік: Мысал мен мәтін арқылы ата-ананы құрметтеуге, сыйлауға, үлкен шаңырақтың қасиетін айта отырып патриотизмге тәрбиелеу.
• дамыту:оқушылардың суретпен, мәтінмен жұмыс істеуге, сабаққа деген
қызығушылықтарын, ізденушілік белсенділіктерін арттыру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
6. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
8. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
9. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
10. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
11. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
12. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
13. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
14. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15 %)
1. Алтын адамның әшкейі қандай жануардың белгісімен жасалған.
2. Кәсіби сөзбен диалект сөздің айырмашылығы неде?
3. Термин сөз деп қандай сөздерді айтамыз.
4. Фонетикалық талдау жасау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Омонимдер
Дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағыналары бір-бірінен алшақ сөздерді омоним дейміз. Сыртқы формасы жағынан, яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздер бір негізден тарағандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын, ұқсас болып, олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір-бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады. Мысалы: Қара: 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз; 2) тақтаға қара –қимыл -әрекетті білдіретін етістік. Айт. 1) айт болды – діни мейрам; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу, 3) айт — итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз.
Синонимдер
Мағыналық жағынан бір-біріне жуық, өзара мәндес сөздері синоним дейміз. Синонимдер мынандай белгілеріне қарай топтастырылады.:
1) сөздің дыбысталуында өзгешілік болуы керек;
2) сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
3) сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.
Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің (не толықтауыштың, не анықтауыштың, не пысықтауыштың, не баяндауыштың, не бастауыштың) қызметін атқарады. Мысалы: ас, тамақ, дәм, тағам, ауқат дегендер – бір-біріне синоним сөздер. Бұлар дыбысталуы, жазылуы жағынан әр түрлі. Бірақ бәрінің беретін ұғымы-адам баласының жейтін қоректік заты.
Антонимдер
Мағыналары бір–біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Ащы-тұщы, жаман-жақсы, аз-көп, алыс-жақын т.б. Болымсыздық мағынаны білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер антоним бола алмайды: қарлы-қарсыз, желді-желсіз т.б.
Антоним болу үшін, сөздердің тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарам-қайшы болуы шарт. Кейде антоним сөздер жалпылық мағыналы қос сөз түрінде де қолданылады. Мысалы: жоғары-төмен, үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап. (Абай)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Менің отбасым тақырыбында шығарма жазыңыздар.
Морфологиялық таладау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
3. Омоним, синоним, антоним сөздерінің айырмашылығы.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Омоним. Синоним. Антоним.