Менің мамандығым. Дыбыстардың құрамы.
Дыбыстардың үндесуі. Үндестік заңы

5-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Менің мамандығым. Дыбыстардың құрамы.
Дыбыстардың үндесуі. Үндестік заңы.

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Оқушыларды жаңа тақырып бойынша өз ойларын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету. Грамматикалық тақырыпты орынды пайдалануға машықтандыру.
• тәрбиелік: Оқушыларды өз мамандығына, оқу орнын сүйуге, құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
• дамыту: Қисынды ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындату.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
2. Егемен еліміздің рәміздерін атаңыздар.
3. Фонетикалық талдау жсау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)

Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен – бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан және жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес) т.б.
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес) т.б.
Сөйтіп сөзді бастан – аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі
(Сингармонизм)

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі түбір мен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз. Мысалы: оқы-дық (оқы-дік емес), көр-ді (көр-ды емес), туысқандарым (туыскендерім емес). Бұл айтылғандардан қазақ тіліндегі сөздердің барлығы буын үндестігіне бағына береді деген қорытынды шығаруға болмайды. Қазақ тілінде бұл заңдылыққа бағынбайтын сөздер де бар:
— Кірме сөздер үндестік заңына бағынбайды: кітап, қазір, зағип, математика, кино т.б.;
— Көмектес септігінің жалғауы үндестік заңына бағынбайды: доппен, айнамен т.б.
— Кейбір қосымшалар үндестік заңына бағынбайды: әсемпаз, дәріхана, көкежан, басеке, білімдар, сәнқой, сезімтал, қаламгер, әкетай, баланікі т.б.


Дыбыс үндестігі
(Ассимляция)

Бір сөз көлемінде (түбір мен қосымша аралығында) немесе бірнеше сөз көлемінде (сөздер арлығында) тетелес келген дыбыстардың үндесуін дыбыс үндестігі деп атаймыз. Дыбыс үндестігі кейде ассимляция, кейде ықпал, кейде дауыссыз дыбыстардың үндестігі деп те аталады. Қазақ тілінде үш түрі бар:
1. ілгерінді ықпал;
2. кейінді ықпал;
3. тоғыспалы ықпал;
1. Ілгерінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзгеруін немесе өзіне ұқсатуын айтамыз.
Мысалы: Айтылуы Жазылуы
Қоныспек Қонысбек
Тыныспек Тынысбек
Тас пер Тас бер
Жаңағорған Жаңақорған

 

Фонетикалық талдауды сатылай кешенді түрде жүргізу.
Ағаштың
1. Айт, жас, жаз жолдарына қарай жуан буынды сөз, себебі…
2. Сөзде 3 буын бар, себебі…
3. А – ғаш – тың
4. Ағаш – тың / болып, 1 жағдайда тасмалданады.
5. Екпін -тың буынындағы –ы дауысты дыбысына түседі
6. Буын үндестігі бар. Ағаш+тың
7. Дыбыс үндестігі бар. Ағаш + тың (- тің)

Морфологиялық талдау
Күмбірлеп – етістік, болымды, сабақты, туынды түбір.
Күмбір – зат есім, түбірі
— ле – зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ
— п – көсемшенің жұрнағы

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Менің мамандығым. Біздің колледж. Кітапханада тақырыбында шығарма жазу.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 2 мин (2%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
Жаттығу жұмыстарын орындату.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

Білімге, оқуға арналған нақыл сөздердің мағынасын ашып жаттап алу.

1. Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
Әбу Нәсір Әл-Фарбаи
2. Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.
Жүсіп Баласағұн
3. Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл.
Қожа Ахмет Йассауи
4. Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.
Ахмет Игүнеки
5. Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.
Қазыбек Келдібеұлы
6. Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ — әлдекімнің азығы. Мұхтар Әуезов

7. Өзің-аспанда, ойың-төменде жүргенше-
өзің төменде, ойың аспанда жүрсін.
Биік деген немене, төмен деген немене-
сонда түсінерсің. Ғабит Мүсірепов

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Дыбыстардың құрамы. Дыбыстардың үндесуі. Үндестік заңы. Жаттығу жұмысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *