17-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Киіз үй. Тұрақты сөз тіркестері.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу,
сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен байланыстыра білу.
• дамыту: Алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын
молайту.
• тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елордамызды сүюге, аялауға
тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3.Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4.Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5.Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6.Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана
тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Қара шаңырықтың қасиеті туралы айтып беру.
2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
3. Омоним, синоним, антоним сөздерінің айырмашылығы.
4. Фонетикалық талдау жасау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.
Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т.б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тідгілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, қақыра немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған.
КИІЗ ҮЙ АТАУЛАРЫ
1. Абылайша – керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.
2. Ақ шаңқан үй – сүттей ақ, аппақ киіз үй.
3. Ақтағыр – екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
4. Жаппа – керегесіз, киізбен жабылған баспана.
5. Жолым үй – уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.
6. Қара құрым үй – киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
7. Қара үй – киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.
8. Қараша үй – қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.
9. Орда – еңселі, салтанатты киіз үй.
10. Отау – ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
11. Төңқайма – бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
12. Ұраңқай – уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.
Тұрақты сөз тіркестері
(Фразелогизм)
Тұрақты сөз тіркестері тілде қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзінің негізгі мағынасынан мүлдем, не жартылай айырылып, бір тұтас мағынаны білдіреді: ит өлген жер – алыс, жүрек жұтқан –батыр, қас пен көздің арасында – лезде, қырғи қабақ – араз т.б.
Тұрақты тіркестердің құрамы тұрақты, оны басқа тілде сөзбе-сөз аударуға келмейді, қолдануда дайын қалпында алынады. Олар сөзді көрікті, өткір ету мақсатында жұмсалады. Тұрақты тіркестер мағыналарына, қызметіне қарай идиомалар, фразалық тіркестер болып бөлінеді.
Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері
1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болуы керек.
2. Сөздердің орны өзара ауыстырылмайды.
3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді
4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны ашады.
5. Сөйлем құрамында бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.
Тұрақты сөз тіркестері идиома және фраза деп бөлінеді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Кеспе қағаздар, жаттығу жұмысы.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушлардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Киіз үйдің құрылғысын атаңдар.
3. Ит өлген жерде деген тұрақты сөздің мағынасын ашыңдар
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Киіз үй. Тұрақты сөз тіркестері.