Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі

12-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі.


2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Жұмбақ шешіп, жаңылтпаш айтқызып, ертегі тыңдату арқылы ой — өрістерін жетілдіру.
• тәрбиелік: Ептілікке, тез ойлауға, әділдікке инабаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқуға еңбекке белсенділігін арттыру.
• дамыту: Кірме сөздер, көнерген сөздер, жаңа сөздер, тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп, тіл байлықтарын дамыту.

5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы


7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)

8. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
9. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
10. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
11. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
12. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
13. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
14. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 31 мин (35 %)

1. Буынның неше түрі бар?
2. Қандай сөздер тасмалданбайды.
3. М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жатқа айту.
4. М. Мақатаевтың «Қазақ жері» өлеңін мәнерлеп оқу.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Мақал-мәтелдер

Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер бірнеше ғасырлар бойында жасалған, құрамындағы сөздердің орны әбден қалыптасып, тұрақтанған.
Мысалы: 1. Ана баулыған бала епті, әке баулыған бала есті.
2. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.

Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері
1. Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.
2. Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.
3. Өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, ерлікке, адамгершілікке үндейді.

Мақал-мәтелдердің негізгі білгілері
1. Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.
2. Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.
3. Өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, ерлікке, адамгершілікке үндейді.

Мақал мен мәтелдің ерекшеліктері

№ Мақал Мәтел
1. Құрылысы жағынан екі, үш
бөлімді болады. Мысалы: Әке — асқар тау,шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ Көбіне бір бөлімді болып келеді.
Мысалы: Суға кеткен тал қармайды

2. Ой неғұрлым ашық айтылады. Мысалы: Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.


Ой, мағына ишара, тұспал түрінде беріледі. Мысалы: Көп түкірсе – көл
3. Ақыл, өсиет түрінде келеді.
Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Көбіне эмоциялық реңк басым болады. Мысалы:
Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда


1-тапсырма. Жаңылтпашты жаттау.
1. Үйде неше шал отыр?
Көсе шал отыр.
Тақиясы шошайып
Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.
* *
2. Ізшілер іздесті,
Түз кезді, із кесті.
* * *
3. Ошақта от жоқ,
Шоқ тап, от жақ.
* * *

4. Дөң жатыр,
Дөнде тон-тоң көн, жатыр

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.
2. Жаңылтпаш құрастыру.
3. Үлестірме қағаздар.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Тіл құдіреті дегеніміз не?
2. Кірме сөз дегеніміз не?
3. Сөзтіктің түрлерін ата.


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Б) Жаттығу жұмыстары

14. Үйге тапсырма беру: 5 мин (3%)
Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі туралы оқып келу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *