4-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Егемен еліміздің рәміздері..
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы түсіндіріп, таным көкжиегін кеңейту.
• тәрбиелік: Егеменді еліміздің рәміздерінің мәртебесін биіктеуіне үлес қосуға , оны сүюге, асылымызды ардақтауға баулу.
• дамыту: Теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, еркін, айшықты сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 %)
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15 %)
9-сыныпта өткен тақырыптарына шолу жасау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)
Елтаңба
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы.
1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. ҚР Мемлекеттік Әнұраны, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы.
Әнұран
2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз – еліміздің кең байтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Елтаңбаның авторлары кім?
2. Әнұран қай жылы қашан қабылданды?
3. Елтаңбада не суреттелген?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Елтаңба дегеніміз не?
Негізі «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» –мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі.
ü Геральдика (елтаңбатану) және вексилология (тутану) атты ғылым салалары өмірге келгелі бірнеше ғасыр өтті. Бұл жөнінде алғашқы кітаптар ХVІ ғасырда-ақ белгілі болған. Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені үңгіп жазған үлкен еңбегі үшін елтаңбатану ілімінің атасы атанды.
• Алғашқы елтаңбалар қашан пайда болған?
Алғашқы нышандарға жататын тотемдік белгілер әлемнің барлық халықтары арасында кең тараған. Негізінен жануарлар бейнесі кескінделген бұл тұмаршалар белгілі бір рулар мен тайпалардың ортақ рәмізіне айналды. Олардың қай қоғамдастыққа жататынын сол тұмаршаларға қарап ажырататын болды. Кейінірек көсемдер мен рубасыларының билік белгілері ретінде бір уыс шөп, жапырақ, құстың қауырсын қанаты, айрықша әшекейлеп жасалған бас киім және басқа нышандар пайдаланылды. Олардың орнын найза, әшекейлі бақандар мен түрлі темір салпыншақтар басты.
• Геральдика сөзі нені білдіреді?
Геральдика латын сөзінен аударғанда елтаңбатану дегенді білдіреді.
• Ең алғашқы геральдикалық белгілер қайда бейнеленген?
Ұлы Гомер әйгілі Троя шайқасына қатысқан әскерлердің қалқандарындағы белгілер туралы баяндаса, Эсхил жауға қарсы соғыс ашқан жауынгерлердің қалқандарындағы нышандарды талдап жырлайды. Келе-келе, алғашқы әскери байрақтар пайда болды. Темір бақан басына, найзаның ұшына немесе ағаш таяқтарға өздері сиынатын құдайларының немесе әулие тұтатын жануарлардың бейнесін іліп шығатын болған. Оларда қанатты Пегас, Минотавр, тасбақа мен үкі бейнелері кездеседі. Кир (ХІІ ғ.) алтын қанатты қыран бүркіт бейнесін жеке таңбасы ретінде пайдаланған деседі.
ü Дегенмен, қазіргі жалаулар мен тулардың түп атасы дерлік алғашқы байрақ көне Азия топырағында, бұрын көшпелі ата-бабаларымыз аралас –құралас өмір сүрген ежелгі Қытай жерінде дүниеге келген деседі. Чжоу әулеті билік жүргізген б.з.д. ХІІ ғасырда желбіреген тұңғыш байрақтар түсі де бізге таныс-ала болған. Кейіннен ежелгі Үнді жерінде көтерілген қызыл, жасыл түсті әскери байрақтардың ұшы үшкілденіп келетін де, ортасына сары бояумен әр түрлі киелі жануарлардың бейнесі салынатын.
• Қазақ елінің геральдикасының тарихы қашаннан бастау алды?
Өз тіліміздегі «таңба» сөзі Түркі қағанатында дүниеге келген. Білімпаз Махмұд Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «таңба-ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді.Бұл сөзді бергі он жетінші ғасырға дейін орыс князьдары да пайдаланған. Түркі халықтарының таңбалары туралы деректер V ғасырдан белгілі екендігі көрсетілген. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Таңба белгілер көне ақшаларымызда да көрініс тапқан. Сонау VІ-VІІІ ғасырларда-ақ ру-ұлыс нышандары айшықталған металл теңгелер шығарылған. Отырар, Тараз қалаларындағы металл теңгелер шығарған ұстаханалар туралы деректер өте мол.
ü Тік сыңар сызық-қаңлылардың, тік қос сызық немесе қос әліп-қыпшақтардың, сүйір немесе тік қосылған сызықтар-керейлердің, бұрыш бейнелі белгі-наймандардың, дөңгелек-дулаттардың, қос дөңгелек көз-арғындардың, босаға бейнесі-қоңыраттардың, садақ бейнесі-адайлардың, құлақты дөңгелек-албандардың т.б. ру-тайпалық белгілері болған.
• Қазақстан жерінде қолданылған қандай елтаңбалардың түрлерін білесің?
Елтаңбалардың дамуы, жетілуі, әртүрлілігі кезеңдерге байланысты. Елтаңбалар 6 түрге, яғни 6 деңгейге бөлінеді.
Алғашқы әлеуметтік, рәміздік (рулық таңбалар), мөрлер, әулеттік, қалалар мен аумақтық және ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбалар.
• Кеңес Үкіметі тұсындағы Қазақстан елтаңбасы туралы не білесің?
Жетпіс жылдан астам уақыт бойы желбіреген қызыл тудың мемлекеттік нышанға айналуы ресми түрде 1918 жылдары қабылданған. Бидай масақтарымен көмкерілген орақ-балғалы қызыл жұлдызды Қазақстанның елтаңбасы пайда болған. Онда қазақша жазылып, орыс тіліндегі нұсқаларын қайталаған «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!». «ҚКСР» деген қазақша қарыптардан басқа, республика ерекшелігіне мегзейтін ешқандай белгі болмаған.
• Елтаңба құрылымы неден тұрады?
Елтаңба негізінен жайма тақта (қалқан) және оның айналасындағы кескін, бейнелеулерден тұрады.Елтаңбаның негізі батырлардың қалқандарының көшірмесі ретінде ашылған.
• Геральдика тарихында бұрын-соңды болмаған Қазақстан елтаңбасындағы қандай бейне ?
Шаңырақ тектес елтаңба бұрын-соңды әлемдік геральдика тарихында болмаған. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүтін қазақ елінің символы іспеттес. Қара шаңырақ-біздің ұлттың алтын бесігі. Асыл діңгек аман болса, алтын бесік мәңгілік өмір жырымен тербеле береді деген ұғым бар.
• Қазақстан елтаңбасындағы бесбұрышты жұлдыз нені білдіреді?
Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бесбұрышты жұлдыз.
ü Бесбұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Аспан денелерін, әсіресе, Күн мен Айды, одан кейін жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын да арқалап тұр ол.
• Ту деген не?
Ту («флаг» нидерл.) ағаш сапқа немесе бауға ілінген белгілі бір түсі, көбіне эмблемасы бар мата.
• Мемлекеттік ту дегеніміз не?
Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан.
• Тудың сипаттамасы қайда тіркеледі?
Мемлекеттік тудың негізгі сипаттамасы Конституция бойынша бекітіліп, тіркеледі.
• Қазақ жерінде ту қашан пайда болды?
Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөде, Бумын және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған баһадүрлеріміздің қай-қайсысының да өз байрағы болғаны мәлім. Байрақтың түсіне келер болсақ, «Көк асаба» аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтарының түп атасы кие тұтқан Көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары-көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.
ü Қазақ даласында көтерілген байрақ, тулар да бір тектес болмаған, әрине. Ұзақ уақыт бойы арнайы сөз етіліп, қасиетті жәдігер ретінде құнтталмағандықтан да, ел ішінде көбіне Абылайдың ақ туы ғана ауызға алынады. Дегенмен, тек төрелер ұстаған тулардың өзі әр алуан болған. Мысалы, араб, парсы, түркі және қытай жазбаларына сүйене отырып, олардың қызыл, көк, ақ, ала тулы болғанын білеміз.
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының ресми анықтамасы?
Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек-сондай айтары мол астарлы айшықтар. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса, Туды сабының тұсынан ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түсті болуы керек. Тудың ені мен ұзындығының бір-біріне қатынасы ½ бөлшегімен өрнектеледі. Яғни, ені-1,5 метр болса, ұзындығы 3 метр болады.