Диалект сөздер. Кәсіби сөздер

1. Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер. Кәсіби сөздер

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: диалект сөздер, кәсіби сөздерді оқыта отырып кәсіпке баулу.
• тәрбиелік: Оқытушылардың туған жерге сүйіспеншілігін оятып, сыпайылыққа тәрбиелеу және сөйлеу әдебін меңгертіп, талғамы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
• дамыту: Қабылдауы мен ойлау қабілеттерін зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой-өрісі мен дүниетанымын дамыту, өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.

5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

8. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
9. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
10. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
11. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
12. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
13. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
14. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

Морфологиялық талдау жасау. Ертегі кейіпкерлерінен сұрақтар қойю. Жұмбақ жасыру. Кірме, көнереген сөздер туралы сұрақтар қою.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Кәсіби сөздер
Кәсіби сөздер дегеніміз — жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер.
Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.
1. Қолөнершілікке (Ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылык, зергерлік т.б.) қатысты сөздер: пышқы (араның бір түрі), шербек (үлкен ара), ыңғыру
(ағаш оятын құрал) пышуыр (бұрап тесетін құрал), пәрбі (шойын тескіш/ атауыз (шеге суырғыш ) т.б.
2. Ауыл шаруашылығына (мал, астық, балық, аңшылык, бау-бақша, темекі. мақта, күріш, қызылша) байланысты сөздер: 1) мақтаға қатысты: қоза (мақта өсімдігі),
шиіт ( мақтаның тұқымы), терімші (мақта теруші,), балдаң (мақтаның сабағы,); 2) жүгері түрлері: дүмбі, пәшік, сота т.б.; 3) қауын аттары: әңгелек, жәмше, торлама т.б.; 4) қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіршек.


Диалект сөздер
Диалект сездер — белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпы халыктық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінін әдеби
тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырга сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.
Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла-тыңда, құдағай —қудаги, полат- болат, баралы- баралық, бережақ- берешек, келулі-келді т.б.
Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалыктық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ужым, кеден, немелтай (Шөберенің баласы, үшен (бірден үш төл туса , төртем (‘бірден төрт төл туса т.б. Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.

Медициналык кәсіби сөздер
Белгілі бір кәсіпке, мамандықка байланысты қолданылатын сөздер тобын кәсіби сөздер деп атаймыз. Медицинаға байланысты кәсіби сөздерге медик, дәрігер, санитар, т.б. жатқыза аламыз.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Фонетикалық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Кәсіби сөз дегеніміз не? Кәсіби сөз нешеге бөлінеді.
2. Диалект сөздер дегеніміз не?

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Диалект сөздер. Кәсіби сөздер.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *