6-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Біздің колледж. Кітапханада. Қазақ тілігдегі екпіннің ерекшелігі.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Оқушыларды жаңа тақырып бойынша өз ойларын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету. Грамматикалық тақырыпты орынды пайдалануға машықтандыру.
• тәрбиелік: Оқушыларды өз мамандығына, оқу орнын сүйуге, құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
• дамыту: Қисынды ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындату.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Дыбыстардың құрамын ата
2. Қазақ тілі жайлы айтулы ойлар туралы айту.
3. Қазақ тілінің баптары ата
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Екпін
Бірнеше буынды сөздердің бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі. Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлдеп тұрады.
Орыс тіліндегі екпіннің қасиеті басқаша. Мәселен, зомок, замак немесе мука, мука деген сөздерде екпіннің орны ауысумен байланысты сөздердің мағыналары бірінде — қорған; екіншісінде — құлып немесе ұн, азап болып, бір-бірінен ажырап тұр. Демек, орыс тіліндегі екпіннің сөз өзгертуге тікелей қатысы бар. Орыс тілінде екпіннің күші басым, екпін түскен буын қатаң айтылады. Оларда мұны силовое ударение дейді. Ал қазақ тілінде мұндай ерекшелік байқала бермейді. Керісінше, екпін түскен буын лебізбен (үнмен) айтылады. Сонымен бірге орыс тіліндегі екпін жылжымалы болса, қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буындарына байлаулы болады.
Қазақ тіліндегі екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі, екіншісі көмекші екпін деп аталады.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буыннына түседі. Мәселен шеге, кереге, орақ, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі орны көмекшілік қызметті атқарады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Менің мамандығым. Біздің колледж. Кітапханада тақырыбында шығарма жазу.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
Жаттығу жұмыстарын орындату.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Екпін дегеніміз не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3.Сөз екпіні деген не?
4.Екпін түспейтін қосымшаларды атаңдар
Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Оқушымын Айтайын Мұздай Айтпа
Баласың Көрелік Оқтай Барма
Адамбыз Айтшы Тастай Сызба
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қазақ тілігдегі екпіннің ерекшелігі туралы оқып келу. Жаттығу жұмысы.