9-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Ана тілі. Тіл ұстарту. Буын тасымал
2. Сабақтың оқыту сағаты: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Буын тасымал. туралы түсіндіріп, білімдерін дамыту.
• тәрбиелік: Оқытушылардың туған жерге сүйіспеншілігін оятып, сыпайылыққа тәрбиелеу және сөйлеу әдебін меңгертіп, талғамы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
• дамыту: Қабылдауы мен ойлау қабілеттерін зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой-өрісі мен дүниетанымын дамыту, өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары. Плакаттар.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 31 мин (35 %)
1. У әріпінің емлесі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданылады.
2. Ы,І әріптерінің емлесі қандай буындарға түседі.
3. И әріпінің емлесі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданады.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Ана тілі
Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, — деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Әр нәрсенің түп-тамыры болатын сияқты, ана тіліміздің де түп-тамыры бар. Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов өскелең ұрпақ тілімізбен бірге өсіп -өнеді, тілімізбен бірге өркендейді деген.
Тіл мәдениеті
Тіл екі түрде қызмет етеді. Бірі-сөйлеу тілі, екіншісі – жазба тіл. Сөйлеу тілі мен жазба тілдің бір-бірінен үлкен-үлкен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан ол көбіне диалог түрінде өтеді. Ал жазба тіл — әр түрлі жазба әдебиеттердің тілі. Ол – қолма-қол оқуға да, келесі ұрпақтардың оқып үйренуіне де, білуіне де арналатын мәңгілік мұра.
Сөйлеу тілі тікелей бетпе-бет сөйлесу арқылы немесе сұрақ-жауап, түсіндіру негізінде көрінетіндіктен, сөйлем құрамы да ерекше болады. Онда дауыс ырғағы (интонация), ым, ишара, бет, қол қозғалыстары да белгілі мәнде жұмсалады. Жазба тілде ойды жеткізуге себебін тигізетін ондай қосалқы әдістер болмайтындықтан, сөйлем, ойды нақты да толық білдіре алатындай жүйелі әрі түсінікті етіп құрылады.
Буын
Сөздің дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын бөлшегі буын деп аталады. Ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.
Қазақ тілінде үш түрлі буын бар:
1. Ашық буын дакуыссыздан басталып, дауыстығааяқталады, не тек дауысты дыбыстар тұрады: а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-ла т.б.
2. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, даыссыз дыбысқа аяқталады: ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.
3. Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады: бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ т.б.
Тасымал
Сөздің жолға сыймаған бөлігін келесі жолға көшіру тасымал арқылы буын жігінен жасалады. Мысалы, қа-лам, қа-зір, сияқты сөздерді тасымалдау қажет болса, осы көтерілген буын жігінен бірінші буынды жазып, екінші буынды келесі, жолға тасымалдауғаболады. Сөзде бірнеше буын болғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған, буындары, келесі, жолға, тасымалданады. Мына сөздерді осы көрсетілгендей буын жігінен түрліше тасымалдауға болады: ақыл-дастық, ақылдас-тық, ха-барландыру.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар:
1. Бір даусты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін, тасымалдауға болмайды. Мысалы: армия, Жәния сияқты сөздердегі я әрпікелесі жолға тасымалданбайды.
2. Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС, ТжКББФ т.б.
3. Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды: А. Құнанбаев, М.О. Әуезовт.б.
4. Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты, қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды: 15 м, 30 см, 6% т.б.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
6-жаттығу. Шешендік сөздерді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз. Әр сөзді буын түрлеріне талдаңыз.
КӨБЕЙ ШЕШЕН СӨЗДЕРІ
Тау белгісі тас болар,
Май белгісі ас болар
Алған жарың жаман болса,
Тазалық жоқ нас болар
Алған жарың жақсы болса,
Қартайғанша жас болар…
Зер ұстаған зердің жайын біледі.
Жақсы басшы елдің жайын біледі.
Басынан көп өмірді өткізген жан,
Қайғы менен шердің жайын біледі.
7-жаттығу. Бір буынды төрт дыбыстан тұратын 10 сөз жазыңыз, ол сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлем құраңыз.
8-жаттығу.Мәтінді кітап туралы мақал-мәтел, нақыл сөздермен әрі қарай жалғастырыңыз. Сөздердегі дауыссыз дыбыстарға талдау жасаңыз.
Кітап сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. Сен ерінбесең, ол саған ақыл айтудан ерінбейтін, жалықпайтын шебер ұстаз. Сен ала білсең, ол бере біледі. Кітап жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамдарға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап сегіз қырылы, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйретуші.
… Әр адамның ең жақын досы бала күнінен көрге дейін бірге ертетін өмір досы, ұзақ досы кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады. М. Әуезов.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Ш. Айтматов ана тілі туралы айтқан қанатты сөзі.
2. Тіл мәдениеті дегеніміз не?
3. Туған жер туралы мақал-мәтел айту.
4. Буынның неше түрі бар?
5. Қандай сөздер тасмалданбайды.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Б) Жаттығу жұмыстарын орындау
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ана тілі. Тіл ұстарту. Туған жер. Буын тасымал. туралы оқып келу.
М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттап келу:
Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ – жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!