ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН
ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
(Ең толық нұсқа)
Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын
ұрпақты Қазақ — «Ұл» деген.
Ұлдан туған бала — Немере.
Немеренің ұрқы — Шөбере (Немелтай).
Шөберенің ұрқы — Шөпшек.
Шөпшектің ұрқы — Немене.
Немененің ұрқы – Жүрежат (кейде некеге рұқсат берген).
Жүрежаттың ұрқы – Туажат (некеге рұқсат).
Туажаттың ұрқы — Жекжат.
Жекжаттың ұрқы – Жамағайын (ұрқыға айналады).
Жамағайынның ұрқы – Жұрағат (руға айналады).
Қазақтарда өзара – туажаттан басталады.
Шежірелерімізді біле жүрейік!
***
Қыздан туған баланы Қазақ — «Жиен» деген.
Жиеннің баласы — Жиеншар.
Жиеншардың баласы – Дегеншар.
Дегеншардың баласы – Көгеншар.
Көгеншардың баласы — Көбеңшар.
Көбеңшардың баласы — Тебеншар.
Тебеншардың баласы — Өлеңшар.
Халқымыз жиенді осылай жеті атаға дейін таратқан.
Ал, сегізінші ұрпағын — «Қаймана»деген.
***
ЖЕТІ АТА ТАНЫМЫ:
Бірінші атаңыз — Әкеңіз.
Екінші ата — Ата.
Үшінші ата — Арғы ата.
Төртінші ата — Ұлы ата.
Бесінші ата — Тек ата.
Алтыншы ата — Түп ата.
Жетінші ата — Баба.
Сегізінші ата — Ұрқы.
Тоғызыншы ата — Ру
(тоғыз байдалы ту көтеріп ру болған)
***
АДАМНЫҢ ЖАСЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАР
Әр халық адамның жасына байланысты атаулар берген.
Қазақ халқы да мынадай атауларды қолданған:
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте.
1 жастан 10 жасқа дейін – сәби, жас бала.
1-2 жаста ұл бала – бөбек, қыз бала – бөпе.
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін, бөбек.
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса.
6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай.
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек.
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім.
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен.
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз.
30 мен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек;
қыз бала болса — кәрі қыз, келіншек.
40 бен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы,
әке, көке, әйел, ана, апа, әпке, тәте.
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел.
60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, әже.
70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым.
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, қария.
ақ үрпек ана, ұлғайған қарт, қария.
90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал-кемпір.
100 жастан жоғарыдағылар – кейуана, баба.
***
ЕР АДАМНЫҢ
ӨЗ ЖҰРТЫНЫҢ АТАУЛАРЫ
Ата – әкенің әкесі, бергі ата
Арғы ата – атаның әкесі
Баба – түпкі ата, үлкен ата
Әже – әкенің шешесі, анасы
Әке, көке – өзінің туған әкесі
Ана, апа – өзінің туған шешесі
Тәте, әпке – өзінен жасы үлкен апасы
Қарындас – өзінен жасы кіші қыз бала
Аға, көке – өзінен жасы үлкен ұл бала
Іні – өзінен жасы кіші ұл бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Жеңге – ағасының зайыбы, әйелі
Келін – інісінің, не ұлының зайыбы
Жиен – күйеуге шыққан апасынан,
не қарындасынан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Жезде – апасының жұбайы, күйеуі
Күйеу бала – қарындасының,
немесе қызының жұбайы, күйеуі
***
НАҒАШЫ ЖҰРТТЫҢ АТАУЛАРЫ
Нағашы ата – шешесінің әкесі
Нағашы әже – шешенің шешесі
Нағашы аға – шешенің аға-інілері
Нағашы апа – шешенің апа-сіңлілері
Нағашы іні – шешенің бауырларынан
туған жасы кіші ер балалар
Нағашы қарындас – шешенің бауырларынан
туған, өзінен жасы кіші қыз балалар
Нағашы жезде – шешенің
апа-сіңлілерінің жұбайы, күйеуі
Нағашы жеңге – шешенің аға-інілерінің,
немесе бауырларының зайыбы, әйелі
Бөле – шешенің апасы, не сіңлісінің ұл-қыздары
***
ҚАЙЫН ЖҰРТТЫҢ АТАУЛАРЫ
Қайын ата – күйеуінің, әйелінің әкесі
Қайын ене – күйеуінің, әйелінің анасы
Қайнаға – күйеуінің, әйелінің ағалары
Қайын бике – күйеуінің, әйелінің апасы
Бажа – әйелінің апа-сіңлісінің күйеуі
Қайын іні – күйеуінің, әйелінің інісі
Балдыз – әйелінің сіңлісі немесе інісі
Қайын сіңлі – күйеуінің қарындасы
Абысын – қайын ағаларының әйелі
Ажын – қайын інілерінің әйелдері
Жезде – күйеуінің апасының жұбайы
Күйеу – күйеуінің қарындасының жұбайы
***
МҮШЕЛ ЖАС
1 мүшел – 13 жас (ер жете бастау)
2 мүшел – 25 жас (жігіттік жаста)
3 мүшел – 37 жас (ақыл тоқтатуы)
4 мүшел – 49 жас (орта жастағы)
5 мүшел – 61 жас (ортадан жоғары)
6 мүшел – 73 жас (қарттық бастау)
7 мүшел – 85 жас (кәріліктің кіруі)
8 мүшел – 97 жас (қалжырау кезі)
9 мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 мүшел – 121 жас (немене сүю)
***
Ханның бағы таярда,
Қараша жұртпен қас болар.
Байдан бақыт таярда,
Дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда,
Аңдығаны ас болар.
Жетесіз туған жігіттер,
Жиырма бесте жас болар.
***
Екі қатын алғанның дауы үйінде,
Жаман қатын алғанның жауы үйінде.
Жақсы қатын алғанның тойы үйінде,
Жаман қатын алғанның соры үйінде.
***
Үйде бір күн ұрыс болса,
Қырық күн ырыс кетеді.
***
Қатын алсаң, таспа белді торыны ал,
Не болмаса, аққұбаның зорын ал.
Олар болмаса, қажымайтын қараны ал,
Бұл үшеуі болмаса, жүзі сары, көзі көк,
Былшылдаған сөзі көп, соған жолығарсың!
***
«Ұрымын» дегенше, «құрыдым» де!
***