Қазақстан – ортақ үйіміз

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қазақстан – ортақ үйіміз.
Мақсаты: мерекелерге байланысты сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру. Мақал-мәтелдерді айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздерді сөйлемдерге байланыстырып құрауға дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, сөйлем құрастырады, мақал-мәтелді және мәтінді қайталайды.
Түсінеді: Қазақстан халқы тату тұратынын түсінеді.
Қолданады: таныс сөздерді қолданады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, тақырып бойынша мазмұнды суреттер, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: халық – народ, көпұлтты – многонациональный, ортақ – общий, бірліқ – единство, тату – дружно, дос – друг.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Суреттер бойынша өткен «Әжемнің оюлары» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
– Біздің Отанымыз қалай аталады?
– Қай қалада (ауылда) тұрасын?
Педагог Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған әңгімені жүргізеді.
Жаңа сөздермен таныстыру.
– Қазақстан – көпұлтты республика. Қазақстан қандай республика?
– Қазақстан – көпұлтты республика.
– Қазақстан халқы тату тұрады.
– Қазақстан халқы қалай тұрады? Қазақстан халқы тату тұрады.
Қазақстан – ортақ үйіміз.
– Ортақ үйіміз – …
– Дима, сенің досың кім? Сен досыңмен қалай ойнайсың? Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан — көпұлтты республика. Қазақстан халқы тату тұрады. Қазақстан біздің ортақ үйіміз. (3-4 бала мәтінді қайталайды).
Сергіту сәті
Дөңгелене тұрайық, Керегені құрайық.
Уық болып иіліп
Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
Дидактикалық ойын «Жалғастыру».
Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Біздің Отанымыз – … .
Қазақстан – көпұлтты республика.
Қазақстан – … республика.
Қазақстан халқы тату тұрады.
Қазақстан халқы … тұрады.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз.
Қазақстан – біздің … үйіміз.
Мақалмен таныстыру.
Бірлік бар жерде – бақыт бар.
Педагог мақалдың мағынасын түсіндіреді, балалар қайталайды. «Сиқырлы қаламмен» жұмыс. «Достығымыз жарасқан» Жұмыс дәптерімен жұмыс. 1.Сурет бойынша әңгімеле. Біздің Отанымыз қалай аталады?
2. Жаттап ал.
Достық
Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан.
Е.Елубаев
Тақпақ оқу, түсіндіру, жаттау. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау. Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *