№ 72
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Мен не білемін және не істей аламын?
Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тиянақтау.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Ауызекі сөйлеу белсенділігін арттыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: жаңаны білуге деген құштарлықтарын арттыру және қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: өткен тақырыптар бойынша сөздерді қайталайды.
Түсінеді: сұрақты тыңдап, толық жауап беру керек екенін түсінеді.
Қолданады: сөйлем құрауда өздері білетін сөздерді қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материал (интербелсенді тақтада), қима материал, жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: ғажайып шеңбер – удивительный круг, жеңімпаз – победитель.
ҰОҚ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
2.Негізгі кезең
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
«Кел, балалар, ойнайық» әнін тыңдату. Мазмұнын түсіндіру.
– Сендерге ән ұнады ма?
Арман балаларды «Ғажайып шеңбер» ойынын ойнауға шақырады.
– Мынау – ғажайып шеңбер. Мынау не?
– Ғажайып шеңбер. (Ғажайып шеңбер сөз тіркесін дұрыс айтып жаттығады). Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топ кезекпен шеңбердің тілін айналдыру арқылы ұяшықты анықтайды да, сол ұядағы хатқалта ішіндегі тапсырманы орындайды. Педагог әр жауапқа бір ұпай береді. Тақырыптарға байланысты қима не мазмұнды суреттер беріледі. Балалар қиналса, педагог сұрақтардың көмегімен толық жауап алуға тырысады. Балалар сұраққа кезекпен жауап береді.
Тапсырмалар: № 1. Қыс
• Бұл қай жыл мезгіл? • Қыс айлары қандай?
• Қыста не болады?
• Балалар не істейді?
№ 2. Мен және менің отбасым. Өзі және отбасы, мекенжайы туралы шағын мәтін құрайды.
№ 3. Балабақша
Топта нелер бар?
Заттарды жекеше, көпше түрде атау.
№ 4. Үй жануарлары мен жабайы жануарлар
Мынау не? Қайда тұрады? (Жануарларды атайды, қайда тұратынын айтады).
№ 5. Жемістер мен көгөністер. Педагогтің айтуы бойынша көгөніс пен жемістерді табады.
Мысалы: Қызыл, дәмді көгөніс. Сары қышқыл жеміс. Жасыл көгөністерді ата, көрсет. т.с.с.
№ 6. «Кім жылдам?»
Берілген тақырыпқа сөз ойла. Сөздермен сөйлем құра.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суреттерге қара. Бір топқа жататын заттарды бір-бірімен біріктір. Бір сөзбен ата.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Ұпайларды санау. Жеңімпаздар анықталады.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.