Жұмбақ шешейік

№ 71
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жұмбақ шешейік.
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру; өткенді қайталап бекіту. Білімділік міндеті: сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. меңгерген сөздерімен сөйлем құрауға жаттықтыруды жалғастыру.
Дамытушылық міндеті: қысқаша мәтін құруды дамыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: білуге, ынталануға талпындыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жұмбақтарды шешеді, сөздерді айтады, мәтінді құрастырады.
Түсінеді: сөйлемді саналы түрде құрауды түсінеді.
Қолданады: дыбыстарды дұрыс айтады, ажырата алады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима суреттер, жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка, қу – хитрый, ширақ – проворный.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Ерте, ерте ертеде …» тақырыпты қайталау. «Он тақия» ертегінің кейіпкерлерін ата.
Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды.
– Кім тапқыр? (Алдаркөсе)
– Кім сараң? (Бай)
2. Негізгі кезең
«Кел, балалар, ойнайық» әні
Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық. Қимылмен көрсете отырып жұмбақ жасыру.
Екi басы дөңгелек, Екi ұшы сүйiр, Қиғанға үйiр.
Ол – не? (қайшы)
Қайшы туралы жаңылтпашты естеріне түсіру. Жақсы қайшы
Қайсы қайшы?
Балалар жаңылтпашты жай, жылдам қайталайды.
Келесі жұмбақ.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айғай-шу.
Ол – не? (түлкі).
Қу, ширақ сөздерімен жұмыс. Шағын мәтін құрастыру.
Түлкі қандай жануар?
Балалар педагогтің көмегімен шағын мәтін құрастырады. Түлкі – жабайы жануар. Түлкі – қу жануар. Түлкі – ширақ жануар.
«Айтылған дыбысқа сөз құра» ойыны.
Әр қатардағы сұрақтың жауабы «қ» дыбысынан басталады.
1. Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
2. Оқу құралы (қарындаш)
3. Көгөніс (қызанақ)
4. Ұлттық баскиім (қалпақ)
5. Ыдыс (қазан)
6. Түс, түр (қара)
7. Үй жануары (қой)
8. Түлкі қандай? (қу).
Сұрақтардың жауабын тауып, тақтаға суреттерді іледі.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоялық.
Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр.
Алға бір адым,
Артқа бір адым.
Жоғары, төмен қарайық Орнымызды табайық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Жұмбақты шеш.
Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты.
Ол не? (Алма)
2. Мнемо кесте бойынша алманы сипатта.
3. Ребусты шеш. Ата. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Тапсырмалар ұнады ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *