Жайлауда

Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Жайлауда
Мақсаты: тақырып бойынша жаңа сөздермен тіл байлығын жетілдіру.
Білімділік міндеті: жайлау туралы түсінік беру, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.Тақпақ жаттау үйрету. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: сөздерді біріктіріп сөйлем құрау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: туған жердің табиғатының сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, мәтінді қайталайды.
Түсінеді: тақпақтан таныс сөздерді түсініп, табады.
Қолданады: сөйлемді ретімен құрайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материал, сурет «Жайлау», жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: табиғат – природа, жайлау – жайляу, таулар – горы, өзен – река, шөп – трава, салқын – прохладно, таза ауа – свежий воздух, жайылады – пасутся, киіз үй – юрта.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Оқушыға не керек?» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. Дидактикалық ойын: «Сенде не?» Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2. Негізгі кезең
Сөздік ойын: «Сұрақ-жауап»
– Біздін Отанымыз қалай аталады?
– Біздін Отанымыз — Қазақстан Республикасы
– Қай қалада (ауылда) тұрасың? (Қаласының, ауылының атын айтады).
– Отанымыздың бас қаласын ата?
– Отанымыздың бас қаласы – Нұр-Сұлтан.
Өлкеміздің табиғаты бейнеленген «Жайлау» суретімен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру. – Мынау – жайлау. Мынау не?
– Мынау – жайлау.
– Жайлауда таза ауа.
– Жайлауда ауа қандай?
– Жайлауда таза ауа.
– Мынау – таулар. Жайлауда таулар бар.
– Жайлауда нелер бар?
«Жайлауда таулар бар» сөйлемін жеке, хормен айтып жаттығады.
– Жайлауда таулар биік. Жайлауда таулар қандай?
– Жайлауда таулар биік.
– Жайлауда өзен бар. Мынау – өзен. Жайлауда не бар?
– Жайлауда өзен бар.
– Өзен суы таза. Өзен суы қандай?
– Өзен суы таза
– Мынау – киіз үй. Мынау не?
– Мынау – киіз үй.
– Жайлауда киіз үй бар. Жайлауда не бар?
– Жайлауда киіз үй бар.
– Жайлауда үй жануарлары жайылады. Жайлауда үй жануарлары не істейді?
– Жайлауда үй жануарлары жайылады.
– Үй жануарлары шөп жейді. Үй жануарлары не жейді?
– Үй жануарлары шөп жейді.
Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Жайлауда салқын. Таза ауа. Жайлауда шөп көп.
Жайлауда үй жануарлары жайылады. Олар шөп жейді. Жайлауда таулар, өзен, киіз үй бар. 3-4 бала мәтінді қайталайды. Жаңылтпашпен таныстыру.
Малға шөп керек, Шөп көп керек,
Көк шөп керек.
Жаңылтпаш жылдам, баяу, қатты және ақырын қайталау.
Педагог «Жайлауда» тақпақты оқиды. Балаларға тыңдап, таныс сөздерді табу ұсынады. Атам биыл мені де Алып барды жайлауға. Құлындар тұр желіде, Биелер тұр байлауда. Бұлағын да ұнатам,
Қыранын да ұнатам,
Асыр салып ойнаймын,
Жайлауды мен ұнатам. Балалар таныс сөздерді атайды: жайлау, ата, құлын.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Сурет бойынша шағын мәтін құра.
2. Жаттап ал.
Қошақан Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?
Ж. Өмірбеков
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?».
Ойынның мақсаты: зейін қойып тыңдауға, сөйлемді дұрыс құруға жаттықтыру. Ойынның шарты: сөйлемді тыңдап, қатесін түзету.
Мысалы: Жайлауда таулар жоқ – Жайлауда таулар бар.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Сабақта не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *