Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жаз қызығы
Мақсаты: жаз мезгілінің ерекшеліктерін, жазғы қызықтарды айта алуға үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Дамытушылық міндеті: сұрақтарға саналы түрде жауап беру дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: әр жыл мезгілінің өз қызығы барын сезе білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді айтады, мәтінді қайталайды.
Түсінеді:жаз мезгілінің өз қызығы, сұлулығы барын түсінеді.
Қолданады: білетін сөздерін қолданып сөйлемдер құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, Ғажайып дөңгелек, жыл мезгілдерінің суреттері, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: шомылады – купаются, қыздырынады – загорают, демалыс – отпуск, су – вода, ұнайды – нравится, ойнайды – играют, секіртпе – скакалка.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?
Суреттер бойынша өткен «Алақай, жаз келді!» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. «Жазда не болады?» сұраққа жауап беру. Балалар сөйлеммен жауап береді. Жазда ыстық болады. Жазда гүлдер көп. Жазда жидектер піседі. Жазда кемпірқосақ болады.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Демонстрациялық материалмен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады. – Жазда күн ыстық. Ыстық, ыс-тық. Жазда күн қандай?
– Жазда күн ыстық.
– Жазда не істейді? (Сөйлемді жеке жеке қайталату).
– Жазда суға шомылады. Шо-мы-ла-ды.
– Жазда не істейді?
– Жазда күнге қыздырынады. Жазда не істейді?
– Жазда адамдар демалыс алады.
– Жазда не істейді?
– Жазда балалар ойнайды.
Шағын мәтін құру үлгісі. Жазда күн ыстық. Жазда анам, әкем демалыс алды. Біз суға шомылдық. Күнге қыздырындық. Жазда мен доппен ойнаймын. Секірпемен секіремін.
Маған жаз ұнайды.
Балалар мәтінді қайталайды.
Ойын: «Ғажайып дөңгелек».
Дөңгелек бөліктеріндегі түстерді педагог ретімен көрсетеді, сұрақтар қояды: Қандай түс?
Қай жыл мезгілі?
Көрсеткен түске сәйкес балалар жыл мезгілін: ақ – қыс, сары – күз, қызыл – жаз, жасыл – көктем, айларын айтады.
Жыл мезгілінің ерекшеліктерін айтады:
– Күзде жеміс, көгөніс піседі.
– Қыста шана, шаңғы тебеміз.
– Көктемде құстар ұшып келеді, ағаштар гүлдейді.
– Жазда күн ыстық, жидектер піседі.
Сергіту сәті
Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ. Тұратын көз тартып
Жаз келді күн шуақ.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы». Педагог сөздерді орыс тілінде атайды, балалар қазақ тіліне аударады.
купаются – шомылады загорают – қыздырынады отпуск – демалыс вода – су нравится – ұнайды играют – ойнайды скакалка – секіртпе
Сөздік ойын: «Сұраққа жауап бер» (доппен). Балалар шеңберге тұрады. Педагог ортада тұрып, балаларға доп лақтырады, сұрақ қояды:
– Сен жазда не істейсің ?
Балалар допты қағып алып:
– Мен жазда шомыламын», – деп жауап береді. Ойын осылай жалғасады. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретке қара. Қысқа мәтін құра. Жазда балалар не істейді?
Жыл мезгілінің ерекшеліктерін, қызықтарын естеріне түсіру. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.