БАЛАМ КІТАП ОҚУДЫ СҮЙМЕСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? (Мамандар кеңесі)
⭕️Балаға ұнамайтын кітапты мәжбүрлеп оқытпаңыз. Балаңызды не қызықтыратынын анықтаңыз: көбелектер, кемелер, жануарлар мен құстар, көліктер… Жергілікті кіапханаға барып, кітапханашымен балаға не ұсынуға болатынын кеңесіңіз.
⭕️ Кітап оқу кезінде балаңыздың шаршап, қарны ашып немесе өзінің ең сүйікті бағдарламасын күтіп отырмағанына көзіңізді жеткізіңіз. Баламен дауыстап кітап оқуға күнделікті 10-15 минут уақыт бөлу керек, оқуға бала ұнататын тақырыптағы кітаптарды таңдау қажет.
⭕️Бала өздігінен оқып бастай алмайды, сондықтан алғашында оған өзіңіз дауыстап оқыңыз. Кітап оқудың қызық әрі танымды екеніне көзін жеткізіңіз. Кітаптың ең қызықты тұстарында үзіліс жасаңыз. Ары қарай не болуы мүмкін деп ойлайсың? Басты кейіпкер осы жағдайдан қалай шығады деп ойлайсың? – сияқты сұрақтарға балаңызбен бірге жауап іздеңіз.
⭕️Ұл балалар қыздарға қарағанда кітапты аз оқиды. Ұл балалар деректі прозаны ұнатса, қыздар көркем шығармаларды ұнатады. Ұл балалар үшін кітапханадан Гиннестің рекордтар кітабын, автокөліктердің тарихы, спорттың шығу тарихы, әскери кемелердің түрлері туралы т.б. кітаптарды алғаныңыз жөн.
⭕️Бала кітапқа назар бөліп, оны оқуға қызығушылық танытқан кезде оған қолдау көрсетіңіз, мақтаңыз. Бала таңдап алған кітапты талқылаңыз, сол кітап туралы әңгімелесіңіз. Бала қызығушылық танытатын тақырыптарға сай кітаптарды таңдауға тырысыңыз.
⭕️ Бала ата-анасының оқып жатқанын көруі керек. Күнделікті кітап, журнал, газет, оқу құралдарының біреуін болсын оқуға тырысыңыз. Сол кезде бала оқудың маңызды екенін түсініп, сізге еліктейтін болады.
⭕️Қапаланбаңыз! Әрбір бала өзіндік ағым мен ырғақта дамиды.