Ұлттық ыдыстар

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ұлттық ыдыстар.
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұлттық ыдыстардың атауымен таныстыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Жаңылтпашты жатқа және жылдам айта білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру. Тәрбиелік міндеті: ыдыстарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, ыдыстарды сипаттайды. жаңылтпашты айтады.
Түсінеді: ұлттық ыдыстар болатынын түсінеді.
Қолданады: сөйлемдерді құрастырады, қарапайым сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ұлттық ыдыстар немесе суреттері, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: ұлттық ыдыстар – национальная посуда, тостаған – тостаган, торсық – торсык, ожау – черпак, тері – кожа.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Таңертең не істейміз?» тақырыпты қайталау.
Ойын: «Мен не істегенімді айтпаймын, көрсетемін». Педагог жаттығу жасау, тамақ ішу, ән айту, билеу, сурет салу, ұйықтау қимылмен көрсетеді, балалар не істегенін айтады. 2. Негізгі кезең
Ойын: «Сиқырлы қоржын». ( Ішінде кесе, қасық, тәрелке).
Балалар таныс заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.
Қандай кесе? Неше кесе? Түсі қандай? Қандай қасық? Қандай тәрелке? (Үлкен, кішкентай). Қоржынның екінші жағынан ұлттық ыдыстарды алып, жаңа сөздермен таныстыру, ұлттық ыдыстар туралы қысқаша мағлұмат беру.
– Мынау – торсық.
– Мынау не? (Жеке-жеке «торсық» сөзін дұрыс айтып жаттығып, естеріне сақтайды).
– Торсық теріден жасалады. – Торсық неден жасалады?
– Торсық теріден жасалады.
– Мынау – тостаған. – Мынау не?
– Мынау – тостаған.
– Мынау қандай тостаған? (Үлкен, кішкентай).
– Тостағанмен қымыз, айран ішеді. – Тостағанмен не ішеді?
– Тостағанмен қымыз, айран ішеді.
– Тостаған ағаштан жасалған. – Тостаған неден жасалған?
– Тостаған ағаштан жасалған.
– Мынау – ожау. – Мынау не?
– Мынау – ожау.
– Мынау – ұлттық ыдыстар. – Мыналар – нелер?
– Мынау – ұлттық ыдыстар.
Балалар сөздерді және сөйлемдерді тыңдап, қайталайды.
– Тостаған, торсық сөздеріндегі бірінші дыбыс қандай?
«Т» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы. (Табақ, тауық, тәрелке, тышқан, түлкі, Қима материалдармен жұмыс. Сөздерді бекітуге ойын: «Менде, сенде…». Балалар алдарындағы суреттерін атап, көршісінде ненің суреті екенін сұрайды. Мысалы: Менде тостаған. Сенде не?
Сергіту сәті: Ән: «Дастарқан».
Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық. Ас ұсынып, бас тартқан, Жаюлы тұр дастарқан. Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан
О-о-о!
Жаңылтпашпен таныстыру.
Шеше, неше кесе сынды кеше? Қатты, ақырын, жай және жылдам қайталап айту.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Ыдыстарды ата. Ұлттық ыдыстарды дастарқанға орналастыр. Сызықпен қос. Оларды ата, сипатта.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Ең қызық қай тапсырма болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *