Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қысқы киім.
Мақсаты: қысты киімінің қазақша атауларымен таныстыруды жалғастыру; оларды топтай алуға үйрету.
Білімділік міндеті: 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Тақпақ жаттау үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, игерген сөздерін қолданып, сөйлем құру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: киімді таза ұстауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: киімдердің қазақша атауларын, сөз тіркестерін айтады, тақпақ жаттайды.
Түсінеді: киімдердің атын, сынын білдіретін сөздерді түсінеді.
Қолданады: киімдерді атап, топтай алады, сұраққа қысқа сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материал, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: тон – шуба, күрте – куртка, қолғап – варежки, құлақшын – шапка (ушанка), етік – сапоги, жылы – теплый.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Қол ұстасып, кәне, біз Достасайық бәріміз. Қандай жақсы бір тұрып, Достарменен бір жүру.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Амандасады.
Өткен «Менің киімдерім» тақырыпты қайталау.
Дидактикалық ойын: «Бұл кім?». Аталған киімдері (көйлек, шалбар, жейде) бойынша баланы табады.
2.Негізгі кезең
Педагог балаларға сұрақтар қояды: Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс). – Қыс қандай? (Қыс суық).
– Адамдар қыста жылы киім киеді.
Жылы, жы-лы. Жылы киім.
Қысқы киім жылы. Қысқы киім …(жылы).
Балалар сөйлемді жеке-жеке, хормен аяқтайды.
Интербелсенді тақтада компьютерлік ойын: «Қуыршақты киіндіру». – Қуыршақ не киді?
Балалар ойын барысында қуыршаққа кигізген таныс киімдерді атайды. Педагог жаңа сөздермен таныстырады. Балалар жаңа сөздерді жеке, хормен айтып жаттығады.
– Қуыршақ күрте киді. – Қуыршақ не киді?
– Қуыршақ күрте киді
– Күрте жылы.
– Күрте қандай?
– Күрте жылы.
– Мынау – тон.
– Мынау не?
– Мынау – тон.
– Тон жылы.
– Тон қандай?
– Тон жылы.
– Қыста тон киеді. – Қыста не киеді?
– Қыста тон киеді.
– Мынау – қолғап. – Мынау не?
– Мынау – қолғап.
– Қолғап – қысқы киім.
– Мынау – құлақшын. – Мынау не?
– Мынау – құлақшын.
– Құлақшын жылы.
– Құлақшын қандай?
– Құлақшын жылы.
– Мынау – етік. – Мынау не? – Мынау – етік – Етік жылы.
– Етік қандай?
– Етік жылы.
Тон, күрте, қолғап, құрақшын, етік – қысқы киім. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ғ-ғ-ғ- ғап-қолғап- қолғап
Ұ-ұ-ұ-ұл-құл-құ-лақ-шын.
Тақпақ жаттау: педагог киімдерді қайталап, тақпақ жаттауды ұсынады. Мен естияр баламын, Өзім кие аламын. Көйлегімді, күртемді, Аяқкиім, пәлтемді. Інімді де үйретем, Жөн жобамды көрсетем.
Е.Өтетілеуұлы
Сергіту сәті.
Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт-сарт-сарт Шапалақты соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз. Зу-зу-зу етіп, Шанаменен зулаймыз. Шынығамыз жалықпай, Коньки, шаңғы тебеміз.
Қима суреттермен жұмыс. Дидактикалық ойын: «Қайтала, көрсет».
Педагог киімдерді атайды, балалар сөзді қайталап суретін көрсетеді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Киімдерді ата. Қыста қандай киім киеді? Кім не киеді? Дөңгелектерді сәйкестендіріп боя.
Арманның киімі мен Сәуленің киімін сәйкес түспен бояйды.
Суреттегі киімдерді айтқызу. Қыз көйлек киеді. Ұл шалбар киеді.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.