Қандай түстер?

Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қандай түстер?
Мақсаты: түстерді қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Балаларға сөйлем құратуда сын есімдерді пайдалануға үйрету: түсін сипаттай білуді меңгерту. Қандай? сұрағына жауап беруге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, сын есімдерді пайдаланып сөйлем құрайды.
Түсінеді: сұрақтарды түсініп жауап береді.
Қолданады: түстердің қазақша аталуын қолданады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, суретті сөздіктер, слайд, қима материал, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: қандай? – какой?, қоңыр – коричневый, қара – черный, күлгін – фиолетовый, көгілдір – голубой, қызғылт – оранжевый.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Амандасады. Өткен «Ертегі әлемі» тақырыпты қайталау. Ертегі кейіпкерлерін атау.
2.Негізгі кезең
Педагог балалардан білетін түстерін сұрау. Балалар түстерді атайды.
Қима материалмен жұмыс.
– Мынау – жапырақтар. Мынау жапырақтың түсі қандай?
– Жапырақтың түсі сары.
– Мынау жапырақтың түсі қандай?
– Жапырақтың түсі жасыл.
– Алманың түсі қандай?
– Алманың түсі қызыл.
– Мынау қарындаштың түсі қандай?
– Көк түсті.
– Топта қандай заттардың түсі көк? (Балалар атайды).
Жаңа сөздермен таныстыру.
Сәуле түрлі түсті қарындаштарды көрсетіп, түстерді атайды.
Мынау – қоңыр түс, қо-ңыр.
Қандай түс? Қоңыр түс.
Мынау қара түс, қара.
Қандай түс?
Қара түс.
– Мынау – күлгін түс, күлгін.
– Қандай түс?
– Күлгін түс.
– Мынау – көгілдір түс, кө-гіл-дір.
– Қандай түс?
– Көгілдір түс.
– Мынау – қызғылт түс, қызғылт.
– Қандай түс?
Қызғылт түс
Балалар сөздерді және сөйлемдерді қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ң- ң- ң –қо-ңыр. Қ –қ- қ- қара.
Ү -ү -ү – күлгін
Ө -ө -ө –кө-гіл-дір.
Ғ- ғ-ғ- ғылт – қызғылт.
Ойын: «Осындай түсті затты тап».
Педагог топтан қоңыр, күлгін, көгілдір, қызғылт және қара түсті заттарды табуды сұрайды.
Балалар заттарды тауып, олардың түстерін атайды, сөйлем құрайды. Мысалы: Мынау – аю.
Оның түсі қоңыр. Мынау – текше. Оның түсі күлгін.
Сергіту сәті: (сергіту массажы, бір-бірінің арқасына, сұқ саусақтарының көмегімен сурет салады).
Кемпірқосақ түстері Жаңбырдан соң тамаша! Күнмен бірге шағылысып, Шуақтары алуан-алуан.
Қызыл – қызғылт, сары – сарғыш, Көк – көгілдір, жасылы бар.
Көз тоймайды қараса!
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Кемпірқосақтың түстерін ата.
2. Шарларды боя.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы». Педагог түстерді қазақ тілінде атайды, балалар орыс тіліне аударады. қоңыр – коричневый қара – черный күлгін – фиолетовый көгілдір – голубой қызғылт – оранжевый 3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *