«Қазақстан барысы» ертегісі

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Қазақстан барысы» ертегісі.
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Білімділік міндеті: ертегі арқылы сынын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Жасайды: жабайы жануарлардың қазақша атауын айтады, жай сөйлеммен жауап береді.
Түсінеді: ертегі мазмұнын және қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материалдар, жұмыс дәптері, «Қазақстан барысы» ертегісінің бейнебаяны, фишкалар.
Билингвалды компонент: барыс – барс, борсық – барсук , жаттығулар жасайды – выполняет упражнения, жарыс – соревнование.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Шеңберге келсін жайлана, Жалықпастан қайта біз.
Достық сөзін айтамыз, Сүйеміз бар әлемді, Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман қонаққа келеді.
– Қайырлы күн, балалар!
Өткен тақырыпты қайталау. Ойын: «Мен 5 жабайы жануарын білемін» жабайы жануарлардың атауларын қима суреттер арқылы қайталау.
– Мынау – арыстан. Арыстан үлкен.
– Мынау – жолбарыс. Жолбарыс үлкен.
– Ең үлкен жануар – піл.
– Мынау – керік. Керіктің мойны ұзын.
– Мынау– маймыл.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2. Негізгі кезең
Сәуле мен Арман: Балалар, біз сендерге ««Қазақстан барысы» ертегісін сыйлыққа әкелдік. Қазақстанның таулы қыратында барыс мекендейді. Барыс Алматы қаласының төлтаңбасында бейнеленген.
«Қазақстан барысы» ертегісін интербелсенді тақтада көрсетеді. Ертегі ұнады ма?
– Ертегідегі таныс жабайы жануарларды ата? (Аю, қоян, қасқыр). – Ертегідегі үй жануарларын ата? (Ит, қой).
Педагог қима материал бойынша жаңа сөздермен таныстырады.
– Мынау – барыс. Мынау не?
– Мынау – барыс.
– Барыс жаттығулар жасады. – Барыс не істейді?
– Барыс жаттығулар жасады.
– Мынау – борсық. Мынау не?
– Мынау – борсық.
– Борсық жаттығулар жасады. – Борсық не істеді?
– Борсық жаттығулар жасады.
– Қар барысы мен борсық жарысқа қатысты.
Балалар жаңа сөздерді қайталайды. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі.
Қатты, қатты жел соқты гу-гу,
Жапырақтар қол соқты ду-ду, Тына қалса қатты жел, Тоғай биік көрінер.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Ертегі кейіпкерлерін тап. Ата. Белгіле.
2. Мақалды жатта.
Күш білекте емес – жүректе.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы»: педагог сөздерді орыс тілінде атайды, балалар қазақ тіліне аударады: сказка, барс, барсук, соревнование.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Ертегі ұнады ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *