Ыдыс-аяқ дүкені

№ 41
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ыдыс-аяқ дүкені.
Мақсаты: сөздік қорларын күнделікті ыдыс атауларымен молайту.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді сөз тіркесімен айтуға дағдыландыру. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылық міндеті: диалог құрып сөйлеуге дағдыландыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, анықтай білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: мәдениетті, сыпайы сөйлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, сипаттайды, диалогке қатысады.
Түсінеді: ыдыстардың әртүрлі болатынын түсінеді.
Қолданады: сөйлемдер құрастырады, қарапайым сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материал, ыдыстар немесе суреттері, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: ыдыс – посуда, дүкен – магазин, аққұман – чайник для заварки чая, қазан – казан.

ҰОҚ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері.
Мынау сұлу әлемде, Адам өмір сүреді.
Үлкенге де, кішіге
Күн сәулесін төгеді.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Ұлттық ыдыстар» тақырыпты қайталау.
– Бүгін не жедің, не іштің?
– Ботқаны немен жедің?
– Қымызды немен ішеді?
– Тостаған, торсық – нелер?
2.Негізгі кезең
Демонстрациялық суретпен жұмыс. – Мынау қандай дүкен?
– Ыдыс – дүкені.
– Дүкенде қандай ыдыстар бар?
Балалар таныс ыдыстарды атап, көрсетеді. Жаңа сөздермен таныстыру.
– Дүкенде қазан бар. Мынау – қазан.
– Мынау … қазан сөзін айтып жаттығады. Дүкенде не бар?
– Дүкенде қазан бар.
– Мынау – аққұман. Мынау – … аққұман.
– Аққұман – ыдыс. Дүкенде не бар?
– Дүкенде аққұман бар.
Сюжеттік ойын: «Дүкен»
Балалар кезекпен дүкенге келеді. Педагог – сатушы.
Диалог үлгісі:
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! – Кесе беріңізші.
– Қандай кесе?
– Үлкен, екі жасыл кесе. – Міне, кесе алыңыз.
– Рақмет. Сау болыңыз.
– Сау болыңыз.
Үлгі бойынша балалар кезекпен ойнайды.
Сергіту сәті. Ән: «Дастарқан». Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық. Ас ұсынып, бас тартқан, Жаюлы тұр дастарқан.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан
О-о-о!
Жаңылтпаш қайталау.
Шеше, неше кесе сынды кеше?
Қатты, ақырын, жай және жылдам қайталап айту. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретте қандай дүкен бейнеленген? Дүкенде нелер бар?
Кім не сатып алды? Арманның әжесі қандай кесе сатып алды? Неше кесе? Сәуленің анасы не сатып алды?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Ең қызық қай тапсырма болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *