«Саяхатшы» ертегісі

Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Саяхатшы» ертегісі.
Мақсаты: ертегіні сахналау, диалогке қатысуға үйрету.
Білімділік міндеті: сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын және сөйлеу мәдениетін дамыту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын, ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтуды дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: өз сөзін интонациямен жеткізе алады, ертегіні сахналайды.
Түсінеді: ертегінің мазмұның түсінеді.
Қолданады: ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлер (ойыншықтар) , кейіпкерлердің басқа киетін бейнелері, жұмыс дәптері, фишкалар. Билингвалды компонент: саяхатшы – путешественник, сыйлық – подарок.

ҰОҚ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Қайырлы таң, апай!
Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын.
Күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?!
Өткен тақырыпты қайталау, «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлерді атауды ұсынады.
«Не жоқ?» Ойынның мақсаты: сөздерді бекіту, зейіндерін дамыту.
Ойынның шарты: балалар көздерін жұмады, педагог бір ойыншықты жасырады. Мысалы: түлкіні жасырып сұрайды: Не жоқ? (Түлкі жоқ) т.б.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Арман: Балалар, біз бүгін сендерге «Саяхатшы» ертегісін сыйлық ретінде алып келдік. Педагог «Саяхатшы» ертегісін мәнерлеп оқиды. Орманмен Қоян қашқанда, Сәбізі түсіп қалады. Бара жатқан Қасқырға Түлкі тауып алады. «Жей салар ем мұны мен Ішіме бірақ жаға ма?
Құттықтап туған күніңмен,
Берейін Қасқыр ағама», – Деп Түлкі сары сәбізді Қасқырға сәндеп ұсынды.
Ол суға оны ағызды,
«Қайтем, – деп, – былғап тісімді». Судан Мысық тауып ап, Тастауға оны қимады. Түлкінің туған күнінде Сәбізді оған сыйлады.
«Қайтем – деп, – мұны», – таңданды, Мысыққа Түлкі шамданды.
Лақтырған Түлкі сәбізді Қуанып Қоян тауып алды.
Ертегі мазмұны бойынша әңгіме жүргізу:
1. Ертегі ұнады ма?
2. Ертегідегі кейіпкерлерін ата.
3. Қоян нені жоғалтты?
4. Сәбізді нелер тауып алады?
Сергіту сәті
Тепе-теңдік жолменен
Арасында мен келем.
Бір, екі, үш, төрт, Келе жатқан жете алмай,
Мынау – біздің мекенжай.
Педагог ертегіні сахналауға ұсынады. Көрсетілім барысында балаларға кезек-кезек кейіпкерлер сөзін айтқызып отырады.
Балалар ұнаған кейіпкерлерін таңдайды, кейіпкерлердің басқа киетін бейнелерін киеді, сахналап ойнайды. Автордың сөздерін педагог оқиды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың? Суретін сал.
2. Суретке қара. Жасырынған заттарды тап. Ата. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге ертегі ұнады ма? Қай бала ертегінің кейіпкерлерін қызықты етіп сахналады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтармен қоштасамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *