№ 45
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Нан қайдан келеді?
Мақсаты: ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, сөздерін мәнерлеп жеткізе білуге үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауды үйрету және диалогке қатысып, ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтыру. Тақпақты тыңдап, оның ішінен таныс сөздерді таба білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін, артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды (і дыбысы) дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: нанды қадірлеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ертегі кейіпкерлерін және олардың іс-әрекеттерің атайды, тақпақта таныс сөздерді табады, атайды, диалогке қатысады.
Түсінеді: нан дастарқанға келу үшін көп еңбек керек екенін түсінеді; Қолданады: сөздерді байланыстырып сөйлейді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ертегі иллюстрациялары, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: егінші – хлебороб, наубайшы – пекарь, диірменші – мельник, ұн– мука, бидай – пшеница, сатушы – продавец.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Әжемнің базарлығы» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс. Ұлттық тағамдар атауларын қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
– Балалар, аналарың нанды қайдан алады? Дүкенге нан қайдан келеді білесіңдер ме?
Педагог «Нан қайдан шығады?» (М. Етекбаев) ертегісін балаларға ұсынады. Иллюстрациялар көрсетіле отырып, ертегі оқылады.
Ертегі не туралы?
Жаңа сөздермен таныстыру.
– Мынау – сатушы. Са-ту-шы.
– Мынау кім?
– Мынау – сатушы.
– Сатушы нан сатады. – Сатушы не істейді?
– Сатушы нан сатады.
– Мынау наубайшы. Нау – бай — шы.
– Мынау кім?
– Мынау – наубайшы.
– Наубайшы нан пісіреді. – Наубайшы не пісіреді?
– Наубайшы нан пісіреді.
– Мынау – бидай. – Мынау не?
– Мынау – бидай.
– Мынау – диірменші.
– Мынау кім?
– Мынау – диірменші.
– Диірменші бидайдан ұн жасайды.
– Диірменші бидайдан не жасайды?
– Диірменші бидайдан ұн жасайды.
– Мынау – ұн.
– Мынау не?
– Мынау – ұн.
– Мынау – егінші. – Мынау кім?
– Мынау – егінші.
– Егінші егін егеді.
– Егінші не істейді?
– Егінші егін егеді.
Сөздерді балалар жеке, хормен дұрыс айтып жаттығады.
Педагог і дыбысының дұрыс айтылуына назар аударады: диірменші, егінші.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)
І-і-і-і – егінші – егінші
І-і-і-і – диірменші – диірменші.
Сұрақтар қою арқылы балаларға ертегі мазмұнын қайталату.
– Тышқан қайда келді? Ол не көрді?
– Тышқан не деді?
– Сатушы, нан қайдан келді?
– Наубайшыдан сұра.
– Наубайшы, наубайшы, нан қайдан келді?
Балалар педагогтің көмегімен кейіпкерлер сөзін кезекпен мәнерлеп, диалог құрып қайталайды.
– Егінші қандай адам? (Егінші – еңбекшіл, еңбекқор адам).
– Тышқан қандай? (Тышқан жалқау).
Қанатты сөз.
Ас атасы – нан, Нан атасы – дән.
– Қандай тыйым сөз білесіңдер?
– Нанды баспа, ақты төкпе.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық, Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Тақпақ оқу.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.
(Ө. Тұрманжанов)
Тақпақ не туралы? Педагог тақпақтың мазмұнын балалармен бірге талқылайды.
– Қандай таныс сөздер бар? Балалар таныс сөздерді атайды: нан, жер, торғайлар.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Нан дастарқанға қалай келеді? Суреттерді ретімен белгіле.
2.Атауында «І» дыбысы бар суреттерді ата. Белгіле. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Мен 5 тағам білемін».
Ойынның мақсаты: сөздерді бекіту, ойлауға дағдыландыру.
Шарты: Допты жерге ұрған сайын бір сөз айтады. Балалар білетін тағамдарын айтады.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Ертегі ұнады ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Балаларды мадақтау. Қуыршақтар балалармен қоштасады.