Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Мектепке не апарамыз?
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. .
Білімділік міндеті: оқу құралдарын дұрыс атап, есте сақтау үйрету. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтіндер құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: жаңылтпашты қайталау, дүрыс айтуға дамыту. Сөздерді бірбірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ажыратуға жаттықтыру. Зат есімдерді жекеше және көпше турде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерін айтады, жаңылтпашты қайталайды, зат есімдерді жекеше және көпше турде айтады, мәтінді қайталайды.
Түсінеді: оқушыға оқу құралының қажеттігін түсінеді.
Қолданады: үйренген сөздерін сөйлем құрауға қолдана алады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қоржын, ойыншықтар доп, қуыршақ, мәшине, робот, ит, піл, кітап, дәптер, қалам, сызғыш, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: кітап – книга, дәптер – тетрадь, қалам – ручка, сызғыш – линейка, қарындаш – карандаш, оқу құралдары – учебные принадлежности.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Қайырлы таң, балалар!
«Мектепке енді барамыз» әнін тыңдау.
Мектепке енді барамыз, Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламыз.
– Қандай таныс сөздер бар?
Балалар өздеріне таныс сөздерді атайды: мектеп, оқушы.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Ойын: «Кім көп біледі». Суреттер бойынша өткен «Біз мектепке барамыз» тақырыпты қайталау. Балалар әрбір айтқан сөз үшін фишка алады. Ойын соңында фишка көп жинаған бала жеңімпаз аталады. 2 Негізгі кезең
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қоржын».
Балалар кезекпен ойыншықтарды алып, атайды: Мынау – доп. Доп – ойыншық. (Қуыршақ, мәшине, робот, ит, піл).
Педагог қоржынан оқу құралдарын алып, жаңа сөздермен таныстырады.
– Мынау – кітап, кііі-тап. Мынау не?
– Мынау – кітап.
– Кітап – оқу құралы. – Кітап не?
– Кітап – оқу құралы.
– Оқушыға кітап керек.
– Оқушыға кітап керек пе?
– Оқушыға кітап керек.
– Оқушы кітап оқиды. – Оқушы не оқиды?
Оқушы кітап оқиды.
Мынау – қалам, қа-лам.
Мынау не?
Мынау қалам.
Қалам – оқу құралы. Қалам – не?
– Қалам – оқу құралы.
– Оқушыға қалам керек.
– Оқушыға қалам керек пе?
– Оқушыға қалам керек.
– Мынау – сызғыш, сыз-ғыш. Мынау не?
– Мынау – сызғыш.
– Сызғыш – оқу құралы. – Сызғыш не?
– Сызғыш – оқу құралы.
– Оқушыға сызғыш керек.
– Оқушыға сызғыш керек пе?
– Оқушыға сызғыш керек.
– Мынау – дәптер, дәп-тер. Мынау не?
– Мынау – дәптер.
– Дәптер оқу құралы. – Дәптер не?
– Дәптер оқу құралы.
– Оқушыға дәптер керек.
– Оқушыға дәптер керек пе?
– Оқушыға дәптер керек.
– Оқушы дәптерде жазады.
– Оқушы дәптерде не істейді?
– Оқушы дәптерде жазады.
– Мынау – қарындаш. Мынау не?
– Мынау – қарындаш.
– Қарындаш – оқу құралы. – Қарындаш не?
– Қарындаш – оқу құралы.
– Оқушыға қарындаш керек.
– Оқушыға қарындаш керек пе?
– Оқушыға қарындаш керек.
– Кітап, қалам, дәптер, сызғыш, қарындаш – оқу құралдары.
Сөздерді, сөйлемдерді жеке-жеке айтып жаттығады. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
І-і-і-і – кітап, кітап.
Қ -қ-қ-қ – қалам, қалам. Ә-ә-ә-ә- дәптер, дәптер.
Сөздерді бекіту үшін, «Қайтала, көрсет» ойынын жүргізеді. Оқу құралдары жекеше, көпше айтылады. Сөздерді қайталап, үстелден алып көрсетеді.
кітап – кітаптар қалам – қаламдар сызғыш – сызғыштар дәптер – дәптерлер
Педагог шағын мәтін құрайды.
Мен мектепке барамын. Мектепке кітаптар, дәптерлер, қалам апарамын. Мен жақсы оқушы боламын.
Балалар мәтінді қайталайды.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Аяққа түсті күш. Төрт, бес, алты
Күшіміз артты.
Жеті, сегіз
Білім, еңбек егіз.
Тоғыз, он
Құстай ұш та қон.
Жаңылтпашты қайталау.
Сыныпта ақ бор бар, Көк бор бар,
Көп бор бар.
Балалар жаңылтпашты жай, жылдам, қатты және ақырын қайталайды.
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта». Берілген сөздерге жалғастырып, сөйлем құрау.
Оқушы дәптерде жазады.
Оқушы … (дәптерде жазады). Кітапты оқиды. Кітапты …
Қарындашпен сызады. Қарындашпен …
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Оқу құралдарын тап. Белгіле. Ата.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай жаңа сөздер үйрендіңдер? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.