Көңілді тапқырлар клубы

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көңілді тапқырлар клубы
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша сөздерді қайталау, білімдерін бекіту.
Білімділік міндеті: меңгерген сөздерін ауызекі тілде қолдана білуге жаттықтыру. Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру.
Тәрбиелік міндеті: бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: берілген тақырыптар бойынша сөздер атайды.
Түсінеді: ұжымдық ойында бір біріне көмектесу керек екенін түсінеді.
Қолданады: сөздерді сөз тіркестерімен айтады, сұраққа сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, қима суреттер, жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: көңілді – веселый, тапқыр – находчивый, қора – сарай.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, кең далам!
Қайырлы таң, балалар!
Ән «Кел, балалар, ойнайық» тыңдату.
– Ән қандай?
– Ән көңілді. Кө-ңіл-ді.
2.Негізгі кезең
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Бәрін ойын ойнауға шақырады. Көңілді ойын: «Көңілді тапқырлар клубы»
Балалар екі топқа бөлінеді. Педагог балаларға түрлі түсті қима материалдарды таратады. Балалар түрлі түсті қима материалдарды түстеріне сәйкес біріктіреді. Екі топқа ортақ тапсырма беріледі, топтар кезекпен жауап береді. Әрбір дұрыс жауап – бір ұпай.
1. Тапсырма. Балабақша тақырыбы бойынша сұрақтар:
1. Балабақша қандай?
2. Балабақшада кімдер жұмыс істейді?
3. Топтарың қандай?
4. Сурет бойынша сөйлем құра.
2. Отбасы.
1. Отбасы мүшелерің ата.
2. Сенің отбасыңда кімдер бар?
3. Сурет бойынша сөйлем құра.
3. Қазақстан Республикасы.
1. Қай Республикада тұрасың?
2. Қазақстан қандай республика?
3. Біздің Отан қалай аталады?
4. Республика рәміздерін ата, сипатта.
5. Елорда қай қала? Елорда қандай қала?
6. Қай қалада (ауылда) тұрасыңдар? Қай көшеде тұрасың? Қалада (ауылда) не бар?
4.Жануарлар.
1. Үй жануарларын атаңдар.
2. Төлдерді атаңдар.
3. Жабайы жануарларды атаңдар.
4. Жануарлар туралы қандай ертегі, жұмбақ білесіңдер?
Ойын соңында ұпайларын санап жеңімпазды анықтайды.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Бойымызды жазайық, Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суреттерге қара. Ата. Олар не істейді? Сөйлем құра.
2. Жануарларды ата. Олар қайда тұрады? Сызықпен қос.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Қандай тапсырма ең қызықты? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *