Көктем

Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көктем.
Мақсаты: көктем мезгіліне байланысты сөздерді қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: жыл мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айта алу, суреттер туралы шағын мәтіндер құрастыруды дағдыландыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғаттың әдемілігін көре білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: көктем туралы сөздерін қайталайды, шағын мәтін құрастырады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді, сөйлемге байланысты суреттерді дұрыс көрсетеді.
Қолданады: көктем айларын, көктем мезгілінің өз ерекшеліктері болатынын біліп, оларды айта алады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд «Көктем келді», интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: көктем – весна, жылынды – потеплело, ериді – тает, бүршік – почки, наурыз – март, сәуір – апрель, мамыр – май.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Үй және жабайы жануарлар» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. Ойын «Кім көп біледі». Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Слайдпен жұмыс.Суретте көктем мезгілі бейнеленген. Жаңа сөздермен таңыстыру.
– Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
– Жыл мезгілі – көктем.
– Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. – Көктем айларын ата?
– Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
– Көктемде күн жылынады. Жылы, жы-лы-на-ды. Күн жылынады.
– Көктемде күн қайтеді?
– Көктемде күн жылынады. – Көктемде қар ериді. Қар … (ериді) – Қар қай жыл мезгілінде ериді? – Көктемде қар ериді.
– Көктемде құстар ұшып келеді.
– Құстар қай жыл мезгілінде ұшып келеді?
– Көктемде құстар ұшып келеді.
– Мынау не?
– Мынау – ағаш.
– Ағашта қандай өзгеріс байқалады? Мынау не?
– Мынау – бүршік.
– Ағашта бүршік. Ағашта не?
– Ағашта бүршік.
Жаңа сөздерді, сөйлемдерді балалар жеке, хормен және педагогпен бірге түрлі дауыс ырғағымен қайталайды.
Дыбыстық жаттығу. (Айнамен орындалады).
Ү-ү-ү- бүршік – бүүүршік – бүршік.
Ө-ө-ө- көктем – көөөктем – көктем.
Тақпақ оқу, таныс сөздерді тапқызу.
Құс келді Қар су боп жөнелді – Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш.
(Б.Қозыкеев)
Балалар таныс сөздерді қайталайды: қар, күн, бүршік, ағаш. Тақпақты жаттайды.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі.
Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта». Берілген сөздерге жалғастырып, сөйлем құрау.
Көктем … Күн …
Қар …
Ағаштар … Көктемде …
Көктем айлары …
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Сурет бойынша шағын мәтін құра. Көктемде қандай өзгерістер болады?
2.Суреттерге қара. Не артық? Қорша.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Сабақта не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *