Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көктем келді, құс келді.
Мақсаты: жыл құстардың қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: жыл құстарды танып дұрыс атау, жаңылтпаштарды айтуға үйрету. Қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық міндеті: «Ұ» дыбысын дұрыс айтып, ажыратуға жаттықтыруды жалғастыру. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрастыруды дамыту.
Тәрбиелік міндеті: құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: тақырыпқа байланысты сөздерді қайталайды, жаңылтпашты жай, жылдам қайталайды.
Түсінеді: қазақша жыл құстардың атауларын түсінеді.
Қолданады: қазақ тіліне тән дыбыстарды ажыратып, сөздерді таба алады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, суреттер, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: жыл құстары – перелетные птицы, қарлығаш – ласточка, қараторғай – скворец, ұя – гнездо, ұшады – летают, жасайды – делает, қамқор – забота.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, кең далам!
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қай ай?
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
«Көктемгі еңбек» өткен тақырыпты суреттер бойынша қайталау. «Көктемде не істейді?» сұрағына жауап беру. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Жаңылтпашпен таныстыру. Мағынасын түсіндіру.
Құс қайтты, қыс келді, Қыс қайтты, құс келді.
Балалар жай, жылдам қайталайды.
Суреттермен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.
– Көктемде құстар келеді. – Көктемде не келеді?
– Көктемде құстар келеді. – Мынау – қараторғай.
Мынау не?
– Мынау – қараторғай. (Жеке, хормен айтып жаттығады).
– Көктемде қараторғай келеді.
– Көктемде қандай құс келеді?
– Көктемде қараторғай келеді.
– Мынау – қарлығаш.
– Мынау не?
– Мынау – … (қарлығаш). Балалар «қарлығаш» сөзін айтып жаттығады, естеріне сақтайды.
– Көктемде қарлығаш ұшып келеді.
– Көктемде … (қарлығаш) ұшып келеді.
– Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді. – Көктемде келетін құстарды қалай атайды?
– Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді.
Педагог шағын мәтінді оқиды. Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді. Жыл құстары: қарлығаш, қараторғай. Құстар – адамға дос. Оларға біз де қамқор болуымыз керек.
Балалар қайталайды.
Сергіту сәті:
Келіп көктем құстары, Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Дидактикалық ойын: «Жыл құстарын ата, көрсет» (сиқырлы қаламмен тексереді).
Ойын «Құстар не істейді» – Құстар ұшады.
– Құстар не істейді?
– Құстар ұшады.
– Құстар ұя жасайды. – Құстар не істейді?
– Құстар ұя жасайды.
– «Ұя» сөзінде бірінші дыбыс – Ұ. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ұ-ұ-ұ-ұя – ұя — ұя
Дидактикалық ойын: «Ұ» дыбысы бар ма, жоқ па». Педагог сөздерді айтады, балалар «иә»,«жоқ», – деп жауап береді. Сөздер: үстел, тақта, аю, жануар, кұс, жұмыс, ұя, көктем, шөп.
Ойын «Біреу – көп»
Педагог бір және бірнеше құстың суретін көрсетіп, оны өзі айтады.
– Құс – құстар.
– Қарлығаш – қарлығаштар.
– Қараторғай – қараторғайлар. (Балалар қайталайды).
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суретте нелер бейнеленген? Ата. Құстар не істейді? Сөйлем құра.
Сөйлем үлгісі: Құстар ұшады.
2.Құстарды ата. Сана. Жекеше, көпше түрде ата.
Үш қараторғайлар, төрт қаздар, бес қарлығаштар.
Қараторғай – қараторғайлар, қаз – қаздар, қарлығаш – қарлығаштар.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
Сабақта не қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.