Көктемгі еңбек

№ 53
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көктемгі еңбек.
Мақсаты: балалардың сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, тілдерін жетілдіру. Білімділік міндеті: көктемгі еңбек түрлерін қазақша айта алу. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөйлем құруда сөздерді ретімен қолдануға жаттықтыру, «Ө» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру, артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: үлкендер еңбегін құрметтеуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерін қайталайды, сөйлемдерді құрастырады.
Түсінеді: маусымдық жұмыстарды түсінеді.
Қолданады: сұрақтарға жауап береді,меңгерген сөздермен сөйлем құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, қарындаштар.
Билингвалды компонент: аула – двор, отырғызу – сажать, тазалау – чистить (убирать), арық – арык (канава) .

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен тақырыпты қайталауға ойын «Алтын сақа сөз жинайды» өткізеді. Бала сақаны қолына алып, бір сөз айтады, келесі бала сөзді қайталап оған тағы бір сөз қосады. Мысалы: бірінші бала «көктем», екінші бала «көктем, бүршік», т.с.с. Сөздер жиынтығы 2, 3, 4 сөз болуы мүмкін. «Құс келді» тақпағын қайталау.
Құс келді Қар су боп жөнелді – Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш.
(Б.Қозыкеев)
2. Негізгі кезең
Демонстрациялық суретпен жұмыс. Жаңа сөздермен таңыстыру.
– Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? (Көктем).
– Көктемде ауланы тазалайды. Таза – тазалайды.
– Көктемде не тазалайды?
– Көктемде ауланы тазалайды.
– Мынау – арық. (Суретті көрсетеді).
– Мынау не?
– Мынау – арық.
– Көктемде арықты тазалайды.
– Көктемде арықпен не істейді?
– Көктемде арықты тазалайды.
– Көктемде ағаш отырғызады. (Суретті көрсетеді).
– Көктемде не істейді?
– Көктемде ағаш отырғызады.
Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» Көктемде ағаш …
Көктемде … … (сөйлемді аяқтау үшін суреттер: ағаштар, гүл, гүлдер көрсетіледі).
Көктемде ауланы тазалайды
Көктемде … …
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ө-ө-ө-ө- көк- көк- көк- көктем
Ө-ө-ө-ө-шөп-шөп-шөп
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, дұрыс емес пе?». Сөйлем дұрыс болса, «иә» деп жауап беріп сөйлемді қайталайды. Сөйлем құрлымы қате болса, сөйлемді дұрыстап айтады.
• Көктемде гүл өседі.
• Көктемде көгөніс піседі.
• Көктемде отырғызады ағаш. т.с.с.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретке қара. Көктемде қандай жұмыс істейді? Сөйлем құра.
2. Атауында «Ө» дыбысы бар суретті қорша.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.

Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *