1.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік.
2.Тәрбиелі адам жайлы түсінік.
3.Жеке адам және қоғам.
4.Жеке адам және отбасы.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын дамыту үшін, әр адам өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Әлеуметтік тұрғыдан кәмелетке келген адам өз кемшіліктерін, жеке басының мәдениетінің төмендігін, тәрбиесінің нашарлығын, мұндағы барлық жауапкершілікті мұғалім мен ата-анаға үйіп-төгіп, өзін судан таза етіп көрсетуге құқығы жоқ. әр адам жан дүниесі даму жолының күрделі соқпақтарынан өзі дербес өтіп, өзін-өзі тәрбиелеуі тиіс. Кім өзі жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе, жақын дос, жанұя басы болғысы келсе, кімде-кім оқуда, еңбекте табысқа жеткісі келсе, отбасылық өмірде бақытты жан болғысы келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн. Бұл жерде Николай Заболоцкийдің «Жаныңа тыным берме» деген өлеңін мысал ретінде келтіруге болады:
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның жеке басын жетілдіре түсу жолындағы жеке әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағыт-бағдары адамның өмірлік мұратына, яғни оның өзі кім болғысы, қандай болғысы келетініне тәуелді. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, әсіресе балғын жас өспірім шақта ерекше маңызды. Бұл жаста жеке адамның қалыптасуының ең маңызды сәттерінің бірі және өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты — өзіндік сана-сезімін дамыту және қалыптастыру болмақ. Өзіндік сана-сезім – бұл адамның қоғам мүшесі екендігін, сондай-ақ өзінің жеке сапаларын, басқа адамдармен, өзін қоршаған өмірмен қарым-қатынасын, өзінің күш-қуатын, амал-әрекетін, қылығын, сезімі мен ойын сезіне алуы.
Өзіндік сана-сезімнің маңызды элементі – жеке адамның өзін-өзі бағалай алуы болып табылады. Адамның өзін бағалай алуы оның жеке басының әр түрлі жақтарымен дәл мағынасына сәйкес (яғни адекватты бала), ал тіпті көтеріңкі не төмен (яғни адекватты емес) болып келуі мүмкін. Өзін-өзі бағалау іс-әрекеттің нәтижесін талдай алудан (мәселен, егер оқушы математикалық есептерді жеңіл және жылдам шығаратын болса, осы пәнге байланысты кез келген материалды өз бетімен меңгере алса, онда оқушының математикалық қабілетінің өзіндікбағасы жоғары екендігі байқалады), немесе бұл жағдай сол адамның өзін басқалармен, кітаптар мен фильмдердің кейіпкерлерімен салыстыра алуынан туындайды.
Өзін-өзі бағалау тұрақты және тұрақсыз болып келуі де мүмкін. Өзін-өзі бағалудың тұрақты түрі адамның өзіне сенімін арттырады, ал мұнысы шындыққа сәйкес келмесе, кісіні айналадағылармен немесе өзімен-өзін конфликтіге келтіруі мүмкін. Өзін-өзі бағалаудың тұрақсыз түрі үнемі қолайсыз болмайды, өзіне сын көзбен қараған адам өз мақсатына жетуі тиіс.
Жас өсіпімдік шақта өзін-өзі бағалай алудың жалпылама көрінісі — өзін-өзі қастерлеудің негізі – оның өзін жеке адам ретінде есептеумен не есептемеуінің ірге тасы қалана бастайтындығында.
Жоғары сынып оқушыларына тән ерекшелік – олардың келешекке талпынуға құштарлығы болып табылады. Бұл жайт жеке бастың дамуы үшін ең қолайлы, қайталанбайтын жағдайлар жасайды. Келешекке байланысты аса мәнді мотивтер адамға өзін танып, қоғамдағы орнын белгілеуде өзін бағдарлай алуға, айналасына ой жүгіртуге, үйреншікті шеңберден шыға бастауға мүмкіндік беретін талпыныстар туғызады. Жас өспірімдердің жеке басын, айналасындағы адамдарды танып білуге құмартуы келешек мамандық пен ересектік өмір туралы тебіреніс-толғаныстар, яғни „кім болам?” деген сұраққа ғана жауап іздемей: „қандай боламын?”, „осы дүниедегі менің орным қандай?”, „мен осы шынымен-ақ басқалар секілдімін бе?”, „мен қандаймын?” – деушіліктің барлығы өзін-өзі тәрбиелеу қабілетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттілік жеке адамның басқа да өзгешеліктерімен, ең алдымен, оның бағыт-бағдарымен, мінез-құлқымен, интеллектуалдық және адамгершілік тәрбиесінің даму деңгейімен тығыз байланысты.
Өзімен-өзінің көзге көрінбейтін арпалысы („өзін құл қылып ұстау”) адам өлшеусіз жан күшін жұмсауды талап еткен. өзінің ағасы Николайға жазған хатында А.П.Чехов былай дейді: «Тәрбиелену үшін, өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін… күндіз түні бірдей еңбектену, өмір бойы оқу, жаттығу, қажырлы қайратты болуым қажет… Мұнда әрбір сағат қымбат…» Осы хатында Антон Павловичөз ойынша, тәрбиелі адамдар қандай талаптарға сәйкес келуі керектігі жөнінде сөз қозғайды:
«…Олар адамның жеке басын құрмет тұтады, сондықтан да әрқашан кешірімді, биязы, кіші пейіл, көнгіш келеді… Олар жоғалған резеңке, не балғаға бола күйіп піспейді; бірге тұрған адамына жақсылығын айтып көлгірсімейді, ал одан кетіп бара жатып, сізбен бірге тұруға болмайды, — деп айтпайды. Олар айқай-шуды да, суықты да, күйіп кеткен қуырдаққа бола да үйге келген бөтен адамның көзінше кейімейді, кешірімді келеді…
…Олар ақ көңіл, өтірік айтудан оттан бетер қорқады. Тіпті түкке тұрмайтын нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді. Жалған сөз тыңдаушының жанын күйзелтеді, сөздің қадірін кетіреді. Олар босқа көп сөзге салынбайды, үйінде қандай болса, көшеде де сондай көрінеді, кішкентайларға зәрін төкпейді… Олар бос сөзді жақтырмайды, біреу арнайы сұрамаса, өз бетімен ешкімге сырын ашпайды…
…Олар біреудің жаны ашысын, аясын деп, өздерін кемсітпейді. Басқаның жан дүниесінің нәзік жеріне тимейді, оған жауап ретінде аяғанды, аялағанды қаламайды. Олар „мені жұрт түсінбейді” – демейді, …өйткені мұның барлығы жалған, ескі, арзан әсерге негізделген…
…Олар абыржымайды. Атақтылармен танысу сияқты жалған беделге, жылтырауыққа жоламайды… Ұсақ-түйек есепті ұнатпайды, жүз сомдық папкасын ұстап жүгірмейді, басқаларды жібермеген жерге өзін кіргізіп жіберді деп мақтанбайды…
…Олар өзін эстетикалық жақтан тәрбиелейді… »
Өзін-өзі тәрбиелеу үшін біліміңді үздіксіз кеңейтіп отырудың, ақыл-ой дамуының деңгейін арттырудың, еңбектене білуге байланысты тұрақты әдетті қалыптастырудың маңызы арта түседі.
Өзіңді-өзің тәрбиелеудің әсерлі әдістерінің бірі – адамның өзімен жұмыс істеу жоспарын жасауы болып табылады.
Адам қоғамда өмір сүріп және сол арқылы ғана жеке адамға айналады. Жаңа туған нәрестеде ешқандай әлеуметтік тәжірибе жоқ, онда тек адамға тән (потенция) мүмкіндік ғана бар. Адамдармен тікелей және жанама қарым-қатынас жасау процесінде ол тілді, еңбек тәсілдері мен құралдарын, таным және шығармашалық әдістерін меңгереді. Бала алғаш өмірге келгенінен бастап (алдымен санасыз, кейіннен саналы түрде), адамдармен әр түрлі қарым-қатынасқа түседі, сөйтіп, өмір тәжірибесін, қалыптасқан дәстүр салтты, мәдени мұраны т.б. меңгере бастайды. Адамда туғаннан бастап басқалармен қарым-қатынас түсу арқылы біз сол адамның белгілі бір қасиеттерімен, ақ көңілділігі немесе тұрпайылығымен т.б. танысамыз, оның бұл қасиеттерін өзіміздің қасиетімізбен салыстырмыз, іс-әрекетімізді, қылықтарымызды өзімізді қоршаған жұртшылық талап ететін сапалармен беттестіреміз, айналадағылардың талап тілектерін түсінуге, олардың тебіреністерін сезінуге, көңіл*күйлері мен пікірлерін аңғаруға тырысамыз.
Басқалармен эмоциялық байланыс жасау арқылы адамда өзін-өзі қастерлеу, қадір тұту, сақтану сезімі қалыптасады. Адам адамдар қоғамынсыз өмір сүре алмайды. Кей кезде де, қайда болмасын адамдар түрлі топтармен өмір сүреді. Осындай топтарға ену онда адамдық қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасайды. Күнбе күнгі және ұзаққа созылған қарым-қатынастар кезінде адамдар бірін-бірі бағдарлай білуге, әрқайсысының дербес ерекшеліктерімен санаса білуге машықтанады.
Адамдардың әлеуметтік бірлігі дамуының ең жоғары формасы – ұжым. Қоғам үшін пайдалы іс-әрекет адамдарды ұжымға біріктіреді. Ұжымдағы адамдардың қарым-қатынасы тұрақты болады, өзара көмек сипаты тән.